Сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген залалды өтеу міндеттемесімен байланысты сақтанушының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшылық тудырмайтын мүліктік мүдделері болып табылады.
Үшінші тұлғалардың алдындағы сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі фактысының туындауы.
АҚЖ фактысы — сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде жалпы юрисдикция сотының шешімінің заңды күшіне енуі.
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру сомасының және сыйлықақы мөлшері тараптардың келісімі бойынша шартта белгіленеді .
Сақтандыру жағдайы орын алды және Сіз қиындықтарға тап болдыңыз. Егер Сізде "Евразия" СК" АҚ сақтандыру полисі бар болса, алаңдамаңыз. Біз Сізге тілектеспіз және көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілуімен байланысты сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері бойынша онлайн кеңес беру және кері байланыс мәселелері бойынша ServiceCenter@theeurasia.kz электронды мекенжайына өтініш, орын алған оқиғаның мән-жайларын, өз сұрақтарыңызды жазып және өз байланыс деректеріңізді (ТАӘ, телефон және email) жіберіп, хабарласа аласыз және біздің құзыретті маман Сізбен хабарласады.