Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру

Егер сізде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша жауапкершілік лимиті жеткіліксіз болатын болса, біз сізге жауапкершіліктің жоғары лимитімен автомобиль көлігінің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын (АҚЖШ) жасауды ұсына аламыз.

Сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, сақтандыру шартында/сақтандыру полисінде көрсетілген үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне сақтандыру шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде сақтандыру жағдайының басталуы кезінде келтірілген залалды өтеу міндетімен байланысты сақтанушының (сақтандырылушылардың) мүліктік мүдделері болып табылады.

- Стандартты тәуекелдер

  • ЖКО нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне және денсаулығына залал келтіру тәуекелі;

  • ЖКО нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру тәуекелі.

  • Сақтандыру тәуекелдерінің нақты тізімі тараптардың келісімі бойынша анықталады.

  • Сақтандыру жағдайы ретінде сақтандыру шартында/сақтандыру полисінде көрсетілген автокөлік құралының қатысуымен орын алған, нәтижесінде сақтанушыда немесе сақтандырылушыда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілген залалды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік туындайтын жол-көлік оқиғасының (ЖКО) нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне автокөлік құралымен залал келтіру саналады.

  • Сақтандыру жағдайларына қозғалыстағы автокөлік құралдарынан бөлініп шыққан элементтермен (автокөлік құралының бөлшектерімен немесе тасымалданатын заттармен) залал келтіру жағдайлары да жатады.

Сақтандыру сомасының мөлшері

тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және көлік құралдарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға толықтыру ретінде өтеу лимиті болып табылады.

Сақтандыру жағдайының басталуы кезіндегі төлем

Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) құрайды (айлық есептік көрсеткіштерде):
Бір автомобильге келтірілген залал үшін
600 АЕК көп емес
 
Әрбір зардап шегушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген залал үшін
1000 АЕК көп емес.


Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.

Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар:
+7 (727) 258-43-36 (Алматы қ.)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз


Æ

Сақтандыру жағдайы?

Сақтандыру жағдайы орын алды және Сіз қиындықтарға тап болдыңыз. Егер Сізде "Евразия" СК" АҚ сақтандыру полисі бар болса, алаңдамаңыз. Біз Сізге тілектеспіз және көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз.

Бұл үшін қажет:

Компанияның байланыстары

Î

Қоңырауға тапсырыс беру

Ваша заявка успешно отправлена!