$APPLICATION Жаңалықтар

Жаңалықтар

ШҚО-дағы аномальды бұршақ: сақтандырушылардың бағалауы бойынша кемінде 500 автокөлікке зақым келген, шығын көлемі 280 миллион теңгені құрайды

23.09.2025

Зардап шеккен автокөлік иелері каско бағдарламалары бойынша сақтандыру төлемдерін ала бастады

2025 ж. 23 қыркүйегі, Алматы – Өскемен. – «Евразия» сақтандыру компаниясы мамандарының бағалауынша, 14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы ауданында жауған бұршақ салдарынан көлік иелеріне келтірілген залал  мөлшері 280 млн теңгеден асуы мүмкін. Сақтандырушылардың есептеуінше, су айдыны ауданындағы табиғи  апаттан 500-ден астам көлік құралы зардап шеккен болуы мүмкін, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні демалыс маусымының нағыз қызған шағында Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан санаторийлер мен демалыс базаларында демалып жатқан жергілікті тұрғындар мен көптеген қонақтар бұрын-соңды болмаған күшті бұршақтың куәсі болды. Бұршақтың мөлшері диаметрі 5 см-ге дейін жетіп, тауық жұмыртқасымен салыстыруға болатын көлемде болған.

Бұршақ жауғаннан кейінгі бірнеше күн ішінде «Евразия» сақтандыру компаниясының колл-орталығына зақымданған көлік иелерінен 50-ден астам қоңырау түсті, алайда олардың басым бөлігінде табиғи апаттардан келген залалды өтемейтін тек міндетті автосақтандыру полисі (КҚИ АҚЖМС) ғана болған. Зардап шеккен жүргізушілердің едәуір бөлігі су қоймасына демалуға Өскемен қаласынан келген.

Компанияға каско сақтандыруы бойынша көлігін сақтандырған автокөлік иелерінен барлығы 21 өтініш келіп түсті. Бүгінгі күнге дейін олардың 14-і жалпы сомасы 7,8 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемдерін алып үлгерді. Жаңартылған мәліметтер бойынша, сақтандыру төлемінің орташа мөлшері 556 мың теңгені, ең жоғарысы – 1,78 миллион теңгені, ал ең төменгісі – 137 мың теңгені құрады.

Бұршақтың салдарынан болған ең жиі кездесетін зақымданулар – көліктің сыртқы бөліктеріндегі майысулар: капотта, шатырда және жүксалғышта. Сонымен қатар, кейбір автокөліктердің алдыңғы әйнектері сынған, сондай-ақ сырты әрленген пластик элементтер бүлінген.

«Евразия» сақтандыру компаниясының мамандарының сараптамалық бағалауы бойынша, Жаңа Бұқтырма кенті мен су қоймасы маңында өткен бұршақ салдарынан 500-ден астам автокөлік зақымданған. Көлік құралдарына келтірілген жалпы шығын шамамен 280 миллион теңгені құрауы мүмкін. Сонымен қатар, бұршақ тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарының шатырларына, сондай-ақ жеміс ағаштары мен бақша дақылдарына зақым келтірген. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатысты зардаптар туралы хабарламалар түскен жоқ.

2025 жылғы 1 тамыздағы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстанда 6,46 миллион көлік тіркелген. Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 550 мыңнан астам көлікке каско сақтандыруының қолданыстағы шарттары реәсімделген. Бұл – автопарктің 8,53%-ын құрайды.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!