$APPLICATION
2025 ж. 5 қыркүйек, Алматы – Лондон. – AM Best халықаралық рейтингтік агенттігі қаржылық тұрақтылық рейтингін «B++» деңгейінде және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингті «bbb +» деңгейінде растай отырып, «Евразия» сақтандыру компаниясының рейтингтік болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Позитивті» деңгейіне жақсартты. Сонымен, «Евразия» СК көшбасшы болып қала береді және AM Best нұсқасы бойынша Қазақстанның барлық сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары рейтингті сақтап отыр.
Агенттіктің талдаушылары болжамды жақсарту туралы шешім қабылдау барысында «Евразия» СК-ның тұрақты балансына, ауқымды операциялық көрсеткіштеріне, бейтарап іскерлік бейініне және корпоративтік тәуекелдерді тиімді басқаруына назар аударды.
AM Best «Евразия» СК тұрақтылығын көрсетуді жалғастырады және тәуекелді ескере отырып, оның ішінде капиталды белсенді ішкі жинақтау және дивидендтерді қайта капиталдандыру саясатының арқасында өзінің капиталдануын барынша жоғары деңгейде ұстайды деп күтеді.
«Биыл «Евразия» компаниясы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Агенттіктің шешімі – сыйлық емес, акционерлердің, менеджменттің және компанияның бүкіл ұжымының операциялық тиімділікті арттыруға және, соның ішінде, халықаралық қайта сақтандыру нарықтарындағы ұстанымдарын нығайтуға бағытталған ұзақ жылғы еңбектерінің нәтижесі болып табылады», – деп «Евразия» СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев агенттіктің шешіміне түсініктеме береді.
AM Best талдаушыларының пікірінше, «Евразия» компаниясының жоғары операциялық нәтижелерінің көрсеткіші андеррайтингтің жақсы тиімділігімен бекітілген. Компания тиімді портфельді басқарады, сыйлықақы мөлшерлемелерін түзетеді, тәуекелдерді сақтықпен таңдайды және өзіне кіретін қайта сақтандыру портфеліне консервативті шектеулер қояды.
«Евразия» ішкі сақтандыру нарығында берік ұстанымға ие бола отырып, халықаралық кіріс қайта сақтандыру арқылы географиялық әртараптандырудан пайда көретінін арнайы атап өтуге болады. АҚШ, Еуропа және Үндістанмен байланысты бизнесті өткен жылы жиналған жарналардың шамамен жартысы құрады.
2024 жылдың нәтижелері бойынша, «Евразия» СК 170 млн доллардан астам қаражат тартты, бұл шетелдік резиденттерден түскен жарналардың 70%-ын құрайды және Қазақстанның қаржылық қызметтер экспортындағы жалпы көлемнің 14%-ы оның үлесіне тиеді.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта «Евразия» СК активтері 670 млрд теңгеден асты немесе жалпы сақтандыру нарығында 43,2% құрады. Алғашқы алты айда компания 121 млрд теңге сыйақы жинап, 48 млрд теңге төлем жасады. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша таза пайда 32 млрд теңгеден асты – бұл жалпы сақтандыру секторында жартысынан астам.
AM Best – АҚШ-тағы рейтинг агенттігі, 1899 жылы құрылған. Ол сақтандыру саласын бағалауға маманданған және оның рейтингтері АҚШ Құнды қағаздар комиссиясы (SEC), сондай-ақ Еуропа мен Азияның реттеушілері тарапынан мойындалады.Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.