$APPLICATION Жаңалықтар

Жаңалықтар

Алматыда жаяу жүргіншілерді құтқарған BMW иесі сақтандыру компаниясынан 11 млн теңге алды

11.08.2025

2025 ж. 11 тамызы, Алматы қ. – Жоғары жылдамдықпен домалап келе жатқан жүк көлігінің дөңгелегінен жаяу жүргіншілерді өз көлігімен жауып қорғаған BMW жол талғамайтын көлігінің иесі «Евразия» сақтандыру компаниясының каско бағдарламасы бойынша 10,9 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Тиісті құжаттар топтамасы, соның ішінде залал көлемін бағалау құжаты ұсынылғаннан кейін, сақтандыру төлемі екі күннің ішінде жедел түрде жүзеге асырылды. Каско сақтандыру бағдарламасының шарттарына сәйкес, бағалау мен жөндеу жұмыстары сақтандырылған көлікке кепілдік қызмет көрсетілетін фирмалық ТҚС-да жүргізілді. Қаражат тікелей автосервис шотына аударылды.

«VIP каско бағдарламасының шарттарына сәйкес, зақымданған бөлшектер жөнделмейді, толығымен ауыстырылады. Мысалы, BMW X5 көлігінің соңғы буынына арналған түпнұсқа шамның өзі шамамен 3 миллион теңге тұрады. Залалды бағалау нәтижесінде жол-көлік оқиғасынан кейін ауыстыруды қажет ететін ұсақ-түйек және ірі 42 қосалқы бөлшек анықталды. Сақтандыру төлемі барлық қосалқы бөлшектердің құнын және жөндеу жұмыстарының шығындарын толықтай өтейді», – деп қорытындылады «Евразия» СК.

Еске сала өтсек, өткен аптада әлеуметтік желілерде жаңа BMW X5 жол талғамайтын көлігінің иесі туралы жаңалық кеңінен тарады. Ол жоғары жылдамдықпен келе жатқан КамАЗ жүк көлігінен ұшып шыққан дөңгелектен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қорғау үшін өз көлігін әдейі тосқауыл етіп қойған. Қоғам назарына іліккен жол-көлік оқиғасы 2 тамызда Алматы қаласындағы Орбита-2 ықшамауданында, Навои көшесінде орын алған. Алайда бұл туралы ақпарат әлеуметтік желі қолданушылары арасында бірнеше күннен кейін ғана кеңінен тарала бастады. Жол апатына кінәлі ретінде КамАЗ жүргізушісі танылды.

Көптеген әлеуметтік желі қолданушылары BMW жүргізушісінің әрекетіне тәнті болды, ол жүк көлігінен ұшып шыққан дөңгелекпен соқтығысудан қашып құтылуға тырыспай, керісінше, жаяу жүргіншілерді қорғауды таңдады. Бейжай қарамайтын азаматтар көлікті қалпына келтіруге қаржы жинауды ұсынған еді, алайда көлік иесі одан бас тартты, оның себебі КАСКО сақтандыру полисінің бар болуына байланысты.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!