$APPLICATION
Бір жыл ішінде жолдардағы апаттар саны 40%-дан астамға өсті, кем дегенде 250 мың көлік құралы немесе автопарктің шамамен 4,5%-ы зардап шекті
2025 жылғы 30 шілде, Алматы қ. – 2024 жылы қазақстандық сақтандыру компаниялары міндетті автосақтандыру (КҚИ МАҚЖ) шеңберінде ЖКО зардап шеккендерге 131 502 төлемді жүзеге асырды, деп компания талдаушыларының деректеріне сілтеме жасай отырып, «Евразия» СК баспасөз қызметі хабарлайды.
Зардап шеккен көлік құралдарының жүргізушілеріне ең көп төлемдер бір жыл бұрынғыдай жүргізілді, Астанада – 21 913, одан кейін Алматының автокөлік иелері – 20 289 төлем. Төлемдер бойынша үшінші орында – Алматы облысында тіркелген автокөліктер – 12 813.
Бұл ретте ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша 2024 жылы Қазақстан жолдарында 31 597 ЖКО тіркелген, оның 1 950-і өліммен аяқталған. Өткен жылы ЖКО-да барлығы 43 478 адам зардап шекті, оның ішінде 2 582 адам қаза тапты. Сақтандыру компанияларының шоғырландырылған деректері құқықтық статистикадан 4,16 есе ерекшеленеді, бұл ресми статистика азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірілген ЖКО ғана ескеретіндігімен түсіндіріледі. Сақтандыру компаниялары мен прокуратура статистикасының ең үлкен алшақтығы Астанада – 11,59 есе, Маңғыстау облысында – 1,54 есе байқалады.
«Біздің ішкі статистикамызға сәйкес, әрбір оныншы ЖКО үш немесе одан да көп көлік қатысады, бұл апаттың жалпы деңгейін төмендетеді, өйткені бір сақтандыру оқиғасына бірнеше төлем келеді. Бұл ретте өткен жылы болған жаяу жүргіншілерге жасалған 11 970 соққы сақтандыру статистикасы ескерілмейді. Осылайша, Қазақстанда 2024 жылы кемінде 130 мың ЖКО болған», – деп есептеді «Евразия» СК талдаушылары.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы сақтандыру компаниялары 92 925 төлем жасаған болатын. 2024 жылы өсім өткен жылмен салыстырғанда 41,5% құрады. ЖКО санының артуына бірнеше факторлар әсер етеді, олардың негізгілері – көлік құралдары санының өсуі, сондай-ақ Еуропалық хаттама рәсімін енгізу. Мәселен, 2024 жылы полицияны шақырмай жеңілдетілген тәртіппен шағын ЖКО бойынша жеделдетілген рәсім шеңберінде 12 087 төлем жүргізілді.
Сақтандыру төлемдерінің тіркелген автокөлік санына қатынасы 2,26% құрады. ЖКО қатысушылардың ең аз санын ескере отырып (екі көлік құралы) жыл сайын ЖКО автопарктің кемінде 4,5%-ы түседі. 2024 жылы ЖКО түсу ықтималдығы 22-ге 1-ді құрады.
Наибольшее соотношение страховых выплат к зарегистрированному автопарку наблюдалось в Астане – 5,16%. То есть за год в ДТП мог попасть каждый десятый столичный автомобиль. Второе место по данному показателю занял Алматы – 3,04%. Замкнул тройку лидеров по участию автопарка в ДТП Шымкент – 2,85%.
«Сақтандыру деректері жолдардағы анағұрлым объективті жағдайды көрсетеді, өйткені олар тіпті ұсақ ЖКО-ны да ескереді. Біз 2025 жылы жазатайым оқиғалар мен кейінгі сақтандыру төлемдерінің айтарлықтай өсуін байқаймыз. Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша төлемдер статистикасын осы жылдан бастап автосақтандыру полистерін сатып алуға міндетті мопед жүргізушілері толықтырады. Автокөлік иелері үшін тәуекелдер саны артып келеді, бұл оларды ерікті сақтандыру өнімдеріне – каскоға қосымша жүгінуге мәжбүр етеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша каско шарттарымен 536 мыңнан астам көлік құралы немесе автопарктің 9,35% қамтылды», – деп қорытындылады «Евразия» СК талдаушылары.
Сақтандыру компаниялары 2024 жылы бүлінген мүлік үшін барлығы 129 878 төлем жасады: жеңіл автокөліктер, жүк көліктері, тіркемелер, автобустар, мотоциклдер, оның ішінде тіректер мен қоршаулар. Тағы 1 624 төлем ЖКО зардап шеккен жүргізушілерге, жолаушылар мен жаяу жүргіншілерге денсаулығына зиян келтіргені және мүгедектік белгілегені үшін, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстарына (кәмелетке толмаған балаларға және асырауындағы басқа адамдарға) жіберілді.
Көбінесе ЖКО жеңіл автокөлік иелері ұшырайды. Айта кетейік, 2024 жылы 7 276 жүк көлігі мен 3 824 автобустың жүргізушілері ЖКО зардап шеккен деп танылды.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.