$APPLICATION Жаңалықтар

Жаңалықтар

Тұрақтылықтың үш онжылдығы: S&P «Евразия» СК «BBB» деңгейінде рейтингін растады

18.07.2025

Компания ТМД және Орталық Азияның сақтандыру секторындағы ең жоғары рейтингті сақтап отыр, болжам «Тұрақты»

S&P Global агенттігі «Евразия» Сақтандыру компаниясының «ВВВ» деңгейіндегі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады. Компания капиталдандырудың жоғары деңгейін сақтауды жалғастыруда және халықаралық қайта сақтандыру нарығында өзінің қатысуын арттыруда.

«Евразия» СК рейтингі тек сақтандыру секторында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның егемендік рейтингінен бір саты жоғары деңгейінде қалып отыр. Агенттік сондай-ақ «Евразия» СК-ның ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzAAA» деңгейінде растады.

«Биыл «Евразия» сақтандыру компаниясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде және еліміздің сақтандыру секторының көшбасшысы ұстанымын сақтап отыр, мұны үнемі өсіп келе жатқан қаржылық көрсеткіштер ғана емес, халықаралық сарапшылардың тұрақты бағалаулары да айғақтайды. «Евразия» СК Қазақстандағы ірі қаржы қызметтерін экспорттаушылардың бірі және сақтандыру компаниялары арасында ең ірісі болып табылады. Өткен жылы біз Қазақстан экономикасына қайта сақтандыру сыйлықақылары түрінде $170 млн-нан астам қаржы тарттық, бұл бүкіл қаржылық экспорттың шамамен 14%-ын құрайды», – деп «Евразия» СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев агенттіктің шешіміне түсініктеме беріп өтті.

S&P агенттігінің талдаушылары «Евразия» СК-ның меншікті капиталының жеткіліктілік деңгейін тұрақты түрде жоғары бағалап, оны компанияның ең мықты жақтарының бірі ретінде атап өтуде. Мұндай стратегия компанияға сенімді сақтандыруды тек Қазақстан ішінде қамтамасыз етіп қана қоймай, ірі халықаралық клиенттерді тарта отырып, сақтандыру қызметтерін шетелге табысты экспорттауға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық банкінің өзекті деректері бойынша «Евразия» СК негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша сақтандыру нарығында көшбасшы ұстанымын сақтап отыр. Осылайша, компанияның үлесіне жалпы сақтандыру компаниялары арасындағы активтердің 43,8% немесе 652 млрд теңгеден астамы тиесілі. Ағымдағы  жылдың алғашқы бес айында компания 103 миллиард теңгеден астам сақтандыру сыйлықақыларын жинап, 37,6 миллиард теңге көлемінде төлемдер жүргізді. Бұл жалпы сақтандыру нарығының сәйкесінше 28% және 33%-ын құрайды.


Мақалаға сілтеме:Тұрақтылықтың үш онжылдығы: S&P «Евразия» СК «BBB» деңгейінде рейтингін растады






Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!