$APPLICATION
Қыс мезгілінде қала көшелері мен автомагистральдарында жол-көлік оқиғалары жиі болады. Себебі ауа райының қолайсыздығы жүргізушілердің әдеттегідей жүруін қиындатады. Салдарынан жол көлік оқиғаларының саны да кейде он есеге дейін өсіп жатады.
Тұман мен көктайғақ секілді күрделі ауа райы жағдайлары кезінде билік органдары республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалысты шектеуге мәжбүр. Мұндай жағдай биыл қыста еліміздің әр аймағында, көбіне Қазақстанның орталық және солтүстік бөліктерінде бірнеше рет болған еді.
Қыстағы төтенше жағдайлар
Мәселен, қараша айының соңында Ақмола облысындағы Екатеринбург–Алматы тас жолында тұрақсыз ауа райының кесірінен жол-көлік оқиғасы болды. Су жаңа Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жауын-шашын, қар мен жаңбырдың, тұман мен көктайғақтың салдарынан, тайғақ жолда тізгінге ие бола алмай, жолдың қоршауына соқтығысқан.
Соқтығысу салдарынан автомобильдің алдыңғы және артқы бөлігі зақымданды. Автосервис мамандарының бағалауынша, залалдың жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асты. Алайда КАСКО ерікті автосақтандыру полисі болғанының арқасында "Евразия" СК бүлінген көліктің шығынын толық төледі.
"Көктайғақ – қыс мезгіліндегі апаттардың негізгі себебі. Жүргізушінің кішкентай ғана абайсыздығының өзі айтарлықтай зардаптарға әкелуі мүмкін. Апатқа ауа райын себеп етуге болады. Алайда одан залалды өтеуін талап ете алмайсың. Осындай жағдайларда автоКАСКО полисі ғана көмекке келеді", – дейді "Евразия" СК атқарушы директоры Юрий Славкин.
КАСКО тағы неден қорғайды?
Әдетте Әдетте азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру полисі (КҚИ АҚЖМС) жол көлік оқиғасына кінәлі адамның шығынын өтемейді. Жәбірленуші тарап тек төлемге сенім арта алады. КАСКО-да сақтандырылса, көлік жүргізушісі кінәсінің қандай болғанына қарамастан төлем ала алады.
Одан бөлек, КҚИ АҚЖМС шеңберіндегі сақтандыру төлемі заңнама жүзінде 600 АЕК-пен шектелген немесе 2,2 миллион теңгеге жуық. Ал КАСКО полисінің өтелетін залал мөлшері тек шартпен шектелген және көлік иесімен өз бетінше белгіленеді.
КАСКО шарттары бойынша, автомобиль жол-көлік оқиғасынан ғана емес, сонымен қатар табиғи зілзала (дауыл, боран, бұршақ, өрт), үшінші тұлғалардың заңға қарсы әрекеттері (вандализм, көлікті айдап әкету, жеңіл алынатын бөлшектерді, дөңгелектерді және т.б. ұрлау) кіретін басқа да тәуекелдерден сақтандырылады.
"КАСКО тіпті көрші көліктің дөңгелегінен абайсызда ұшып тиген тастан да шығынды өтейді. Ең бастысы – апат комиссарын шақыру және болған оқиғаны тиісті дәрежеде рәсімдеу керек", – деп қорытындылады "Евразия" СК өкілі.
eurasia36.kz сайтында және "Евразия" СК кеңселерінде SmartCasco бағдарламасы арқылы 50% жеңілдікпен полисті рәсімдеуге, шарттарын таңдауға және құнын есептеуге болады. 11 айға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге мүмкіндік қарастырылған.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.