$APPLICATION
2024 ж. 24 қаңтары, Алматы қ. – Қазақстанның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі түнде көлік қозғалысын көбейтіп, автокөліктердің кептелісіне әкеп соқты. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккен сақтанушылардың өтініштерінің саны артты.
Осылайша, автокөліктері міндетті автосақтандыру шеңберінде немесе Алматыда, Алматы облысында және Шымкентте КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылған азаматтардың өтініштері 22-23 қаңтар аралығында түнде салыстырмалы ауа райы жағдайлары кезіндегі басқа кезеңдермен салыстырғанда екі есеге артты.
«Өткен түнде біз көліктері ЖКО – дан зардап шеккен Алматы мен Шымкенттегі клиенттерімізден бірнеше ондаған өтініш алдық. Бұл – қыс мезгіліндегі кез келген басқа түнге қарағанда екі есе көп. Жол – көлік оқиғасының көбі адамдар отбасыларымен туыстарына бару үшін қаладан шыққан кезде болған», – деп түсіндірді «Евразия» СК Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев.
Жер сілкінісі кезінде қала ішінде көлікпен тек қажет болған жағдайда жүруге кеңес беріледі. Себебі, дүрбелең кезінде жол-көлік оқиғасы санын арттыруы мүмкін, сонымен қатар төтенше жағдай көліктері қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.