$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Алматыда автобуспен болған өлім жағдайына әкелген ЖКО салдарынан зардап шеккендер қандай сақтандыру төлемдеріне үміт арта алады?

27.12.2023

2023 ж. 25 желтоқсаны, Алматы қ. – Автобустың қатысуымен орын алған өлім жағдайына әкелген ЖКО салдарынан қаза тапқан тұлғалардың туыстары, сондай-ақ барлық басқа зардап шеккендер міндетті автосақтандыру (көлік құралы жүргізушісінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру-КҚЖ АҚЖ МС) шеңберінде сақтандыру төлемдерін алуға үміт арта алады.

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері және оларды алу шарттары туралы атқарушы директоры Гүлназ Мұхтарова «Евразия» СК айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсан күні кешке Алматы қаласында №7 Қалалық клиникалық аурухананың жанындағы аялдамада 47-ші бағыттағы басқарусыз автобус адамдарды қағып кеткен. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды, сондай-ақ төрт автокөлік зақымданған.

Адам қаза тапқан жағдайда міндетті автосақтандыру шеңберінде заңмен асырауындағы адамдарға: әдетте кәмелетке толмаған балаларға немесе мүгедек ата-аналарға 2 мың АЕК немесе 6,9 млн теңге (2023 жылғы жағдай бойынша) мөлшерінде сақтандыру төлемі белгіленген. Сонымен қатар, сақтандыру компаниясы жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 АЕК немесе 345 мың теңге мөлшерінде, сондай-ақ нақты шығыстарды шеккен тұлғалар тарапынан растайтын құжаттар болған кезде өтеуді жүзеге асырады.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жаяу жүргіншілер де сақтандыру төлемдерін алады. Мүгедектік белгіленбестен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зардап шеккендер емделуге жұмсалған нақты және құжаттамалық расталған шығыстар үшін 300 АЕК-ке дейін немесе 1,035 млн теңгеге дейін өтемақы ала алады. Кейіннен мүгедектік белгіленген жағдайда Заңда мынадай сақтандыру төлемдері көзделген:

  • I топ – 1,6 мың АЕК, немесе 5,52 млн теңге;

  • II топ – 1,2 мың АЕК, немесе 4,14 млн теңге;

  • III топ – 500 АЕК, немесе 1,725 млн теңге.

Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның мөлшері тиісті медициналық ұйымдар берген құжаттар негізінде айқындалады.

ЖКО-да зақымданған автомобильдердің иелері 600 АЕК-ке дейін немесе 2,07 млн теңгеге дейін сақтандыру төлеміне үміт арта алады, бірақ зақымданған барлық көлік құралдарына 2 мың АЕК-тен немесе 6,9 млн теңгеден аспайды. Зиянның мөлшерін бағалаушы-маман анықтайды.

Барлық зардап шеккен тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаларға автобус жүргізушісінің жауапкершілігі сақтандырылған сақтандыру компаниясына жүгіну қажет. Сақтандыру компаниясы туралы деректерді Алматы қаласының Полиция департаментінен, жол полициясы бөлімінен алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру төлемдерін делдалдарды қатыстырмай, сақтандыру компаниясына жеке жүгінген кезде дербес алуға болады. Ол үшін заңда белгіленген құжаттар пакетін жинау қажет. Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша қажетті құжаттар туралы ақпаратты тікелей сақтандыру компаниясынан алуға болады.

«Евразия» СК қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады және ЖКО салдарынан зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетулерін тілейді.


Қоғамдық көлікте жол апатына түскендер сақтандыру төлемдерін қалай ала алады? Маман түсіндірді - Stan.kz, 27.12.2023



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!