$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Түрік жер сілкінісінен кейінгі Қазақстанның сақтандыру төлемі €13 млн немесе 6,4 млрд теңгеден асты

20.11.2023

20 қараша 2023 ж., Алматы қ. – «Евразия» сақтандыру компаниясы Түркияның оңтүстік шығысында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге халықаралық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша кезекті €2,4 млн немесе 1,2 млрд теңге төлем жасады. Осылайша, қазақстандық сақтандыру компаниясының жалпы төлем сомасы €13 млн немесе  6,4 млрд теңгені құрайды.

Түркияда (TCIP) пәтер мен жеке үйді – тұрғын үйді міндетті сақтандыру бағдарламасы бар. Бағдарлама шарттары бойынша Түркиядағы кез келген мүлік иесі жыл сайын сақтандыру жарнасын төлеп тұруға міндетті. Бұндай сақтандырудың құны жыл сайын орта есеппен шамамен 300 түрік лирасы ($10 көбірек) тұрады. Дегенмен, үй иелерінің 50%-ы ғана сақтандыру жарнасын тұрақты төлеп тұрады.

Міндетті сақтандыру бағдарламасын басқару үшін Түркияда Türk Reasürans арнайы мемлекеттік компаниясы құрылған. Дүниежүзі бойынша сақтандыру компаниялары сондай-ақ, «Евразия» СК TCIP қайта сақтандыру бағдарламасына қатысады. Осы бағдарлама бойынша анықталған шығын көлемі $2 млрд-тан асып кетті. Түркия сақтандыру компанияларынан сақтандыру төлеміне алғашқы өтініштер халықаралық сақтандырушыларға зілзаладан кейін бір айдан кейін – наурыз айында келіп түскен болатын.


«Жер сілкінісі – түрік қоғамына ұзақ жылдарға терең жара қалдырған үлкен трагедия. Апаттан кейін тоғыз ай өтсе де бізге сақтандыру төлемдеріне өтініштер жалғасып жатыр. Біз өз міндетімізді орындау үшін және түрік халқын қолдау үшін соңғы лираға дейін төлем жасауды тоқтатпаймыз», - деп айтты «Евразия» СК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Самат Қабдолов.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басында Түркияның оңтүстік-шығысында он бір провинция зілзаладан зардап шекті. Апаттан 50 мыңнан астам адам қайтыс болып, 100 мыңнан астам адам жарақат алды. Түрік сақтандыру компанияларына TCIP бағдарламасы және ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алу үшін жарты миллионнан астам өтініш келіп түскен.

Түркия үкіметі жер сілкінісінен болған шығын көлемін ЖЖӨ-нің шамамен 9%-ын құрайтын $103 млрдқа бағалады. Дегенмен Munich Re сақтандыру компаниясының есептеуінше зардап шеккендердің шығыны $43 млрд құрайды немесе зардап көлемін 39% жабатын және ауданның экономикалық қайта қалпына келуге көмектеседі.

«Евразия» СК әлем бойынша шығыны миллиондардан асатын апаттық жер сілкінісі, дауыл сияқты апаттар бойынша халықаралық қайта сақтандыру саласында көп жылғы тәжірибесі бар. «Евразия» СК Түркиядағы жер сілкінісінен кейін сақтандыру төлемін жүзеге асырып жатқан жалғыз сақтандыру компаниясы болып табылады. 2023 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойынша «Евразия» СК Қазақстандағы халықаралық қайта сақтандыру бойынша кіріс жалпы 74,3 млрд теңгеден астам немесе 160 млн долларға жуық сома жалпы сыйлықақылардың 81,1%-ы құрайды.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!