$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Бәрі бар дүкен: Amazon елімізде жұмыс істемей-ақ, Қазақстанда қалай тамыр жайды?

21.07.2023
«Евразия» СК басқарма төрағасы бірінші орынбасары Самат Қабдолов электронды сауда пионері Amazon-ның негізі қалай қаланғаны және бизнес құны туралы айтып берді.

Көпшілігімізге Amazon сонау 1994 жылы кітап сататын интернет-дүкен ретінде Джефф Безос іске қосқан әлемдегі алып маркетплейстердің бірі ретінде таныс. Amazon-дағы сатушылардың барлығы тауарды Қазақстанға жеткізбейтініне қарамастан, өткен жылы компания біздің жерлестерімізге 1,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Байқағанымыздай, қазақстандықтар Amazon-да тек кітап сатып алмайды.

Қайда қарасаң да Джефф
Компанияның негізгі табыс көзі цифрлы және физикалық әр түрлі контент: кітап, музыка, фильм, ойын, программалық жабдықтау арқылы түседі. Қаржылай есеп деректеріне сүйенсек, 2022 жылы компания тасымалдаушылардың барлық түрінде $220 млрд-қа контент сатқан, ал маркетплейс арқылы сатудан $117,7 млрд комиссия түскен. Amazon-ның табыс көзі бойынша $80 млрд болатын бұлтты деректер қоймасы Amazon Web Services (AWS) үшінші орында тұр.

Amazon орасан зор интернет-трафигімен үлкен жарнама алаңы болып табылады. Тауарларының жарнамасы үшін сатушылар, кітап шығарушылар, авторлар, сондай-ақ жарнама берушілер маркетплейске төлейді. Өткен жылы жарнама арқылы $37,7 млрд табыс тапқан. Amazon Prime Video (APV) сервисіне ақылы жазылу компанияға тағы $35,2 млрд әкелген.

2017 жылы Amazon органикалық азық-түлік сататын Whole Foods дүкендер желісін жұтып қойды. Қазір желіге АҚШ-тың өзінде 500-ден астам дүкен тиесілі. Сонымен қатар Amazon өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған Amazon Go үй жанындағы дүкендерді іске қосты: кел, тауар ал, система автоматты түрде есептеп картаңыздан шешіп алады. Әзірге Нью-Йорк, Чикаго, Сиэтл және Лос-Анжелесте 22 дүкен жұмыс істейді. Кәдімгі дүкендерден түске пайда $18,9 млрд құрайды.

Біз «Евразия» сақтандыру компаниясында 2019 жылы алғаш рет компанияның активтерін қайта сақтандыру бағдарламасына қатысқалы бері Amazon-ның даму жолын қадағалап келеміз. Amazon-ның жекеменшігіне кіретін жыжымайтын мүліктің жалпы сомасы $200 млрд-тан асады. Компанияның көптеген қоймаларындағы жабдықтар мен тауарлар тағы $120 млрд тұрады. Жалпы сақтандыру сомасы $450 млрд-дан асып кетеді.

https://forbes.kz/economy/business/br_bar_dken_amazon_elmzde_jmyis_stemey-a_azastanda_alay_tamyir_jaydyi/ - Forbes.kz, 24.07.2023


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!