$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Мексика шығанағы мұнай платформасындағы кезекті жарылыс мұнай нарығына қалай әсер етеді?

13.07.2023

7 шілдеде Мексика шығанағындағы мұнай платформасында онсыз да өсіп жатқан мұнай бағасына әсер ететін апат орын алды. Әлеуметтік желі оқиға орнынан шексіз әсерлі фото мен видеоға толып кетті.

«Евразия» СК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Самат Қабдолов аталмыш сақтандыру оқиғасының Қазақстанға ғана емес, жалпы әлемдік мұнай нарығына әсері туралы айтып берді.

Тоқыраған өндіріс

Зардап шеккен Nohoch Alfa платформасы - кәсіби ортада PEMEX деп танылған Petroleos Mexicanos өндірушісі. Ол Кампече мұнай бұрғылау орнындағы Cantarell өндіріс кешенінің бір бөлігі болып табылады.

Компания ақпаратына сәйкес, жарылыс кезінде екі адам қайтыс болып, бір адам із-түссіз жоғалып кеткен. Жарылыс жалыны мәйітті толықтай өртеп жіберуі де мүмкін. Бес жұмысшы түрлі дене жарақаттары мен күйік алды. Қызметшілердің басым бөлігі, нақтырақ айтсақ 321 адам эвакуацияланды. Қайғылы оқиғаның ауқымына қарасақ, жағдай бұдан да жаман болуы мүмкін еді.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт мұнай өндіретін көрші платформаларға жайылмаған. Қазір өрт толықтай сөндірілді, мұнай төгілген жоқ. Инженерлер кешеннің қалған платформаларын қайта жұмысқа қосып, өндірісті жалғастыру жолдарын қарастырып жатыр.

Бұл PEMEX нысандарындағы алғашқы жарылыс емес. Компанияның платформаларында апаттар мен өрт жиі болып тұрады, 2019 және 2021 жылдары адам шығыны орын алған үлкен апаттар болды. «Евразия» СК 2016 жылдан бері PEMEX компаниясының түрлі қайта сақтандыру бағдарламаларына қатысып келеді.

Латын Америкалық ҚМГ

Petroleos Mexicanos – 120 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын Мексиканың мемлекеттік мұнай-газ компаниясы. Біздегі «ҚазМұнайГаз» десек те болады.

PEMEX компаниясының қаржылай есебіне сәйкес, 2023 жылдың І тоқсанында $23,1 млрд сауда-саттықтан $3,2 млрд таза пайда көрген. Мұнай өндірісі жылдың алғашқы үш айында тәулігіне 1,87 млн баррелді құраған. Өткен жыл компания үшін жемісті болып, $5,5 млрд пайда әкелді. Дегенмен, бәрі мінсіз емес: 2021 жылы компания $16,3 млрд астам шығын өтеді, ал жалпы қарызы $100 млрд асып кетті.

Insurance Insider мәліметі бойынша, PEMEX-тің қайта сақтандыру шығындарын қамтитын Aon сақтандыру брокері, әлі күнге дейін оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ, алайда жобаның қайта сақтандыруына қатысатын сақтандырушылар шығын көлемінің $250 млн - $450 млн аралығында болуы мүмкін екенін болжады.

«Евразия» СК қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша мүліктік залалдан басқа, бизнестегі үзілісті қосқандағы жауапкершілігінің максималды шегі $4,5 млн. Біз Мексика шығанағындағы апат бойынша брокерден өтініш күтіп отырмыз.

Мұнайлы афтершоктар

PEMEX апаттың кесірінен мұнай өндіруді тәулігіне 700 мың баррелге дейін қысқартады. Бұл компанияның күнделікті өндіріс көлемінің 38%-нан асады. Мұнай өндірісі көлемінің аяқасты және ұзақ уақытқа жалғасқан тоқырауы PEMEX-тің онсызда тұрақсыз қаржылай жағдайына әсер етіп, тіпті үкіметтің араласуын қажет етуі мүмкін.

OPEC ақпаратына сәйкес, әлемде тәулігіне 100 млн баррелден көп мұнай өндіріледі. Осыған орай, Мексика шығанағындағы апат нәтижесінде дүниежүзілік нарық өндірістің 0,7%-ын жоғалтады. Өндірісті жалғастыру және мұнай бұрғылау орнын жөндеу – үлкен мәселе, өндіріс көлемін қайта қалпына келтіру - тіпті басқа мәселе.

Жұмадан бері қамбаттауын тоқтатпаған, тіпті баррель үшін $79 асқан мұнай бағасына PEMEX платформасындағы апаттың әсері туралы айту қиын. Бір жағынан, Қытай экономикасының тоқырауы – сұраныстың төмендеуінің белгісі. Екінші жағынан, Bloomberg агенттігі Ресейден теңіз арқылы келетін мұнайдың тәулігіне 1 млн баррелден астамға азаюы.

Одан бөлек, OPEC елдерінің мұнай өндірісін тамыз айынан бастап тәулігіне 5 млн баррелге немесе дүниежүзілік мұнай өндірісі 5%-ға қысқарту ниеті, мұнай трейдерлерінің қуанышын еселетті. Бәлкім, бұл орта мерзімді перспективада мұнай долларлары ағынының ықтимал ұлғаюына байланысты Қазақстан үшін де қалыпты оптимизмге себеп болуы мүмкін бе?



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!