$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Болжам тұрақты: S&P «Евразия» СК рейтингісін «BBB» деңгейінде қалдырды

11.07.2023

Халықаралық S&P Global агенттігі «Евразия» сақтандыру компаниясының ұзақ мерзімді несиелік рейтингісін «BBB» дейгейінде «Тұрақты» болжамын растады. Сарапшылар компания капиталының шамадан тыс жоғары деңгейі мен өтімділік қорын ескере отырып, компания активтерінің үштен бірі Қазақстаннан тыс инвестицияларға тиесілі екенін атап өтті.

«Евразия» СК Қазақстан Республикасының дербес рейтингісін бір сатыға жоғарылатып, ТМД елдеріндегі сақтандыру компаниялары ішінде S&P жоғары көрсеткішіне ие болды. Сондай-ақ, агенттік «Евразия» СК ұлттық шкала бойынша рейтингісін «kzAAА» деңгейінде растады.

«S&P сарапшыларына «Евразияның» даму стратегиясы анық әрі белгілі. Біз нарықтағы позициямызды ғаламдық сақтандыру бизнесіне арнайы жасап шығарылған озық IT-шешімдер арқылы нығайтуды көздеп отырмыз. Компанияда болып жатқан барлық өзгерістер әсіресе халықаралық қайта сақтандыру нарығында тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға негізделген. Бізге ғаламдық тәуекелдерді алуға мүмкіндік беретін ең басты артықшылығымыз – капиталдың жоғары қоры», - деп «Евразия» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шегебаев агенттіктің шешіміне пікір білдірді.

S&P «Евразия» СК «AAA» деңгейін растайтын және кез келген тәуекелдерді жабуға мүмкіндік беретін меншікті капиталының шамадан тыс жоғары деңгейін атап өтті.

ҚР Ұлттық банкі ұсынған мәліметке сәйкес, «Евразия» сақтандыру компаниясына жалпы сақтандыру компаниялары арасында барлық активтердің 37,9% тиесілі. Алғашқы бес айдың ішінде компания 101 млрд теңгеден жоғары сақтандыру сыйақысын жинады және 36,4 млрд теңге көлемінде төлем жасады. Халықаралық қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша «Евразия» СК 40 млрд теңге сыйақы алды, ал шетелдік компаниялардан түсетін сыйақы жинағы өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға өсті.

Айта кетейік, мамыр айының соңында «Евразия» СК акционерлерінің шешімімен Шухрат Ибрагимов Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Артынша Директорлар кеңесі шешімімен Қайрат Шегебаев басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Одан бөлек, «Евразия» СК менеджменті компания стратегиясындағы өзгерістер туралы айтты: IT-инфрақұрылымына бөлінетін инвестиция көлемін арттыру, сондай-ақ халықаралық қайта сақтандыру бағытының дамуына баса назар аудару.


Отқа салса жанбайды, суға салса батпайды: S&P «Евразия» СК рейтингісін «BBB» деңгейінде сақтап қалды - Forbes.kz, 11.07.2023



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!