$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Қазақстаннан жасалған сақтандыру төлемдері 4,3 млрд теңгеден асты

24.07.2023
21 шілде 2023 ж., Алматы қ. – «Евразия» сақтандыру компаниясы қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша ақпан айында Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен кейін зардап шеккендерге €8,73 млн немесе 4,35 млрд теңге төлем жасады.
Жалпы түрік сақтандыру компанияларына жер сілкінісі салдарынан жылжымайтын мүлігі зақымданған жарты миллион адамнан өтініш келіп түскен. Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) ақпаратына сәйкес, 8 мыңнан астам ғимарат, оның ішінде көп қабатты үйлер толығымен қираған.
Түркиядағы жер сілкінісінің эпицентрінде қалып қойған тұрғындарға көмектесуді тоқтатпаған Халықаралық қызыл ай комитетінің (IFRC) хабарлауынша, үйі қатты зақымдалған 2,7 млн адам, әлі күнге дейін 221 шатырлы қалашықта тұрып жатыр. Тағы 1,6 млн адам әзірге жарамсыз деп есептелген үйлерге жақын маңда өмір сүріп жатыр. IFRC мамандарының есептеуінше, жер сілкінісі 9,1 млн адамның өміріне әсер еткен, оның ішінде Түркияға Сириядан келген 1,8 млн қашқын бар. 50 мыңнан астам адам апаттың құрбаны болды.
«Жер сілкінісі жарты жыл бұрын болса да, қираған үйінділерді жинастыру әлі күнге дейін жалғасуда. Үйлері қирап қалған немесе зақымданған миллиондаған адам өз үйлеріне қайта алмай жүр. Біз түрік серіктестерімізден келіп жатқан барлық өтініштерге төлем жасауға дайынбыз», – деп айтты «Евразия» СК басқарма төрағасының орынбасары Нұрмұхамед Төлбаев.
Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісінен міндетті сақтандыру бағдарламасы (TCIP) бар. Жер сілкінісінен жапа шеккен аудандардың көбісі осы бағдарлама бойынша сақтандырылған. Бұл бағдарлама бойынша әлемнің сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары $2 млрд-тан астам төлем жасап жатыр.
«Евразия» СК тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта сақтандырушы ретінде TCIP міндетті және ерікті сақтандыру бағдарламасына қатысады. Компания жүзеге асырған €8,73 млн сақтандыру төлемінің ішінде €3,26 млн TCIP бағдарламасына тиесілі.
Түркия билігінің есептеуінше, жер сілкінісінен болған тура және жанайы шығынның көлемі $103 млрд-тан асып кетті, немесе ЖІӨ-нің 9%.


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!