$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

«Евразия» СК Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 1,7 млрд теңге төледі

30.05.2023

29 мамыр 2023 ж., Алматы қ. – Түркияның оңтүстік-шығысында ақпан айының басында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге «Евразия» СК жалпы €3,5 млн немесе 1,7 млрд теңгеден астам төлем жасады.

Айта кетейік, зардап шеккен аудандардағы үйлердің жартысы Түркиядағы жер сілкінісінен міндетті сақтандыру бағдарламасы (TCIP) арқылы сақтандырылған. Аталған бағдарлама бойынша шығын 29 млрд түрік лирасынан асып кетті, оның ішінде 22 млрд жуық түрік лирасын қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша халықаралық сақтандыру компаниялары төледі.

Қазіргі уақытта сақтандырушы компаниялар табиғи апаттың кесірінен мүлкіне зиян келген сақтанушылардан 491 мыңға жуық өтініш алған. 362 мыңнан астам үйге аса қатты зақым келмеген – оларды қайта жөндеуге болады, 36 мыңға жуық үйге қатты зиян келген, дегенмен оларға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 93 мыңнан астам үй толығымен қирап қалған. Түркия үкіметі ақпаратына сәйкес, 8 мыңнан астам ғимарат, оның ішінде тұрғын үй толығымен сүріліп тасталды.

«Өкінішке орай, бұндай жойқын апаттарда адамдар қатты жапа шегеді. Түркиядағы жер сілкінісі 50 мыңнан астам адамның өмірін қиды, алайда миллиондаған адам әлі де тұрмысын түзелтіп, үйлерін қайта тұрғызып, оқуын, жұмысын жалғастыра алады. Біз түрік халықының бұрынғы өміріне тезірек қайта оралуына жағдай жасау үшін төлемдерді тез арада жасауға дайынбыз», - Нұрмұхамед Төлбаев, «Евразия» СК Басқарма төрағасы орынбасары.

«Евразия» СК Түркиядағы жер сілкінісінен міндетті сақтандыру TCIP, сондай-ақ тұрғын және коммерциялық мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламаларына қатысады. «Евразия» СК Түркиядағы жер сілкінісі бойынша қайта сақтандыру келісімшарттардың резерві €11,2 млн немесе 5,3 млрд теңгені құрайды.

Дәл қазіргі уақытта түркиялық сақтандыру компанияларымен келіп түскен өтініштердің 57% жүзеге асырылды. Сақтандыру төлемдері бірнеше жылға созылуы мүмкін. Түркия үкіметі есебі бойынша жер сілкінісінен кейінгі зардап $103 млрд немесе ЖІӨ-нің 9% құрайды.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!