$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Метағаламға арналған сақтандыру: Марк Цукерберг желілері ұалай құрылған

08.06.2023

Meta компаниясының қызметі баяғыда виртуалды кеңістік шеңберінен шығып кеткен, коммерциялық жылжымайтын мүлік компанияның негізгі активтерінің біріне айналды.

Атышулы метағалам әлі күнге дейін оны жасаушының фикс идеясы болып қала береді және Мeta бизнесінің құнының айтарлықтай өсуін тудырған жоқ. Самат Қабдолов, «Евразия» сақтандыру компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, қазіргі уақытта компанияның супер-дата-орталықтарында және люкс класты көптеген кеңселік жылжымайтын мүліктерінде шоғырланған компанияның шынайы ұлылығы туралы әңгімелейді.

1 қаңтар 2022 жылдан бастап Қазақстанда шетелдік интернет-компанияларды отандық пайдаланушыларға сатылған барлық тауарлар мен қызметтер құнының 12% мөлшерінде ҚҚС төлеуге міндеттейтін Google-ға салық алына бастады.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, Мeta компаниялар тобы өткен жылы Қазақстан бюджетіне қосынды түрінде 2,92 млрд теңге төлеген - бұл компания Қазақстанда ҚҚС қоса есептегенде 27,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Халықаралық қайта сақтандыру - Instagram мен Facebook-тегіі жарнамаға біздің отандастарымыздың жұмсаған қаражатының кем дегенде бір бөлігін Қазақстан экономикасына қайтаруды қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі.

Meta-да не дұрыс емес?

Марк Цукерберг жаңа шындық – ойын-сауық, танысу және ақша табуға арналған – метағалам құру идеясын армандайды. Meta өзінің Oculus виртуалды шындық гарнитурасының көмегімен адам мен интернетті қосу арқылы әдеттегі цифрлық өмір салтын өзгерткісі келеді. Бірақ әзірге іске асқан жоқ, компания әзірлеуге салынатын инвестицияларын қысқартуда.

Meta өзінің әлеуметтік желілерін Қытайдан басқа бүкіл әлемге таратты. Facebook, Instagram немесе WhatsApp-ты бүгінде әр смартфоннан табуға болады, көбінесе бәрі бірден. Дәл осы өнімдер қазір компанияға негізгі пайда әкеліп отыр.

Қосымшаның әдемі интерфейсі мен мінсіз жұмысының артында жүздеген серверлері бар үлкен дата-орталықтардың бар екенін түсіну қажет. Meta - бұл тек код қана емес, сонымен қатар миллиардтаған пайдаланушылар арасында мәліметтер алмасуға қызмет ететін есептеу қуаттылығы. Бұл қолдау мен басқаруды қажет ететін орасан зор ақпарат ағындары.

Шындық Meta виртуалды шындық туралы емес, толығымен материалдық активтер туралы екенін көрсетеді.

Миллиардтардан тұратын деректер қоймасы

Күн сайын 3 миллиардқа жуық адам Мeta қызметтерін пайдаланады, олар 2022 жылы компанияға жарнама көрсетуден 113,6 миллиард доллар табыс әкелді. Барлық Facebook, Instagram және WhatsApp пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін Meta корпорациясы өзінің ауқымы бойынша керемет инфрақұрылым жасайды. Бүгінгі таңда, жалға алынған ресурстардан басқа, ол өзінің бес жеке деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) қамтиды. Сонымен қатар, құрылыс процесінде дайындықтың әр түрлі сатысында тағы он орталық бар, негізінен АҚШ-та.

Meta-да ақпарат орталықтарының типтік жобаларын әзірленген және қолданылып келеді. Сонымен, «стандартты» жоба әрқайсысының қуаты 30 МВт, сонымен бірге желілік инфрақұрылымның жұмыс істеуіне 4 МВт – барлығы 64 МВт болатын екі ғимараттан тұрады. Апат болған жағдайда осы шаруашылықтың барлығы 18 үш мегаваттқа дейін дизельді генераторларды қолдайды. Толық жабдықталған құрылымның құны 1,9 млрд долларды құрайды, құнының жартысына дейін – электр желісінің жабдықтары мен салқындату жүйелерін құрайды.

Бірақ Meta-да бұл жетістіктермен тоқтап қалмайды. Жалпы қуаты 150 МВт болатын жаңа ДӨО-ның жаңа мегажобасы әзірленді. Салыстыру үшін, Қазақстандағы ең ірі Алматы ЖЭО-2 қуаты шамамен 500 МВт құрайды. Meta қазірдің өзінде осындай екі мегаДӨО құрылысын салуда: бірі-АҚШ-та, екіншісі – Еуропада.

Барлық активтердің жалпы сомасы азды-көпті 100 млрд. доллардан асады. Әлемдегі бірде-бір сақтандыру компаниясы мұндай тәуекелдерді жалғыз өз мойнына ала алмайды. Сондықтан олар бүкіл әлем бойынша, оның ішінде «Евразия» СК-да бөліктермен қайта сақтандырылған.

Сізде instargam-ға фотосуреттер жүктелмесе, ал WhatsApp-қа хабарламалар жіберілмесе, бұл белгілі бір ықтималдықпен, ақпарат орталықтарының бірінде ақаулар болғанын, ал қайта сақтандырушылар Meta бизнесіндегі үзіліске байланысты шығындарды төлеуге және өтеуге дайындалып жатқанын білдіреді. Әзірге төтенше жағдайларға байланысты осындай екі сақтандыру жағдайы ғана болды.

Цифрлық рантье

Meta қызметкерлерінің штаты 80 мың адамнан асады, тіпті қысқартулар толқынынан кейін де, олардың барлығына жұмыс кеңістігін ұйымдастыру үшін орын қажет. Meta-ның басқаруында 3 млн м2 жылжымайтын мүлік бар – кейбірі жалға алынған, бір бөлігі жеке меншігінде, лизингтік схемалар да бар. Айтпақшы, Mega Alma-Ata СОО екі кезегінің ауданы шамамен 180 мың м2 құрайды.

Meta Штаб-пәтері Сан-Франциско шығанағының жағалауында – Менло-Парк қаласында орналасқан, онда технологиялық компаниялардың көптігінің, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен миллиардтаған венчурлық инвесторлардың әсерінен жылжымайтын мүліктің құны шарықтар кетті. Шығанақ аймағында Meta-ның барлығы алты кеңсесі, немесе кампустары бар, атауларына байланысты.

Компания әлемдегі ең қымбат қалаларда люкс кластағы кеңселерді басқарады: Нью-Йорк, Лондон, Сингапур, Дублин. Егер Нью-Йорк болса, онда тек Манхэттен: Фарли Билдинг - 1914 жылы салынған тарихи пошта ғимараты; Бродвейде де кеңсесі бар, ол да 1907 жылғы тарихи ғимаратта; жаңа және заманауи Хадсон-Ярдс, №30 және 55 ғимараттар. Басқа қалаларда да қатысудың осындай тарихы бар - Цукерберг м-а жайлы және өте беделді жұмыс атмосферасын құруда үнем жасамайды.

Бүгінгі таңда Meta артық аудандарды иеленеді, олар бойынша құнсызданудан болған шығын 400 миллион доллардан асып кетті. Компания шығындарды оңтайландыруға, кеңселердің төрттен бірінен қажетсіздіктен құтылуға, бір нәрсені қосалқы жалға беруге ниеттеніп отыр - процесс қазірдің өзінде басталды.

Кампустар, кеңсе үй-жайлары, қоймалар және басқа да жылжымайтын мүлік (ДӨО-ын қоспағанда) тағы да 20 млрд долларға бағаланады. Осылайша, қайта сақтандырылатын активтердің жалпы мөлшері 120 млрд доллардан асады, оның ішінде өндірісте үзіліс болған жағдайда. Егер ақпарат орталықтарының бірі істен шықса және оның пайдаланушылары жарнамаларды көруді тоқтатса, Meta-ның тікелей шығындарды елестету қиын. Сондықтан жүйелер әрқашан қайталанады, тіпті бір ДӨО шеңберінде де.

Meta виртуалды ғаламды қаншалықты жасағысы келсе де, оның негізі әрқашан осында, Жерде, темірбетоннан және сақтандыруды қажет ететін серверлерден тұратын қатты активтерде болады.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!