$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Қайрат Шегебаев «Евразия» СК басқарады

23.05.2023

19 мамыр 2023 ж., Алматы қ. – Директорлар кеңесі шешімімен Қайрат Шегебаев «Евразия» сақтандыру компаниясы басқарма төрағасы болып тағайындалды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа кандидатты мақұлдады.

«Евразия» СК топ-менеджменті құрамының жаңаруы дамудың жаңа деңгейіне жол ашады. Компания халықаралық қайта сақтандыру бағытына баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытуға, сондай-ақ IT-инфрақұрылымын дамытуға инвестиция құюды арттырады.

«Компанияны сақтандыру нарығына өзінің идеялары мен прогрессивті ұстанымдарымен танымал тәжірибелі маман Қайрат Шегебаев басқарады. Оның мол тәжірибесі мен білімі болашақта компанияның даму стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Оның тағайындалуы «Евразия» сақтандыру компаниясының стратегиясының заңды жалғасы болып табылады. Шегебаев мырзаның акционерлер жүктеген міндеттерін орындайтынына сенімдімін», - деді «Евразия» СК директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов.

«Евразия» - Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де үздік сақтандыру компанияларының бірі, әлемнің қайта сақтандырушылар арасында мінсіз абыройға ие. Мен өзімнің тәжірибем мен білімімді компанияның басым тұстарын дамытып, жаңа нарыққа шығып, отандық сақтандыру саласына жаңа дем беруге күшімді саламын. Директор кеңесі мен акционерлерге алғысымды білдіремін», - деді Қайрат Шегебаев жаңа қызметі туралы.

«Евразия» СК стратегиясына сәйкес басқарма құрамы сабақтастықты сақтайды. Басқарма бес адамнан тұрады:

●        Қайрат Шегебаев – басқарма төрағасы, Директорлар кеңесі мүшесі;

●        Самат Қабдолов – басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

●        Нұржан Жантөреев – басқарма төрағасы орынбасары;

●        Нұрмұхамед Төлбаев – басқарма төрағасы орынбасары;

●        Нұрлан Шалғымбаев – басқарма төрағасы орынбасары.

«Евразия» СК Қазақстандағы ірі сақтандыру компанияларының бірі болып табылады. 2022 жылы компания 162 млрд теңгеден астам сақтандыру премиясын жинап, 54,5 млрд теңгеге сақтандыру төлемін жасады. Бұл – отандық сақтандыру нарығында тарихи рекорд.

«Евразия» сақтандыру компаниясы - Қазақстан және ТМД-дағы S&P «BBB» инвестициялық деңгейдегі рейтингі бар жалғыз сақтандыру компаниясы.

Анықтама үшін:

Шегебаев Қайрат Садырбайұлы – кәсіби қаржыгер және актуарий. Сақтандыру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде 15 жыл басшылық қызметте болған. Өмірді сақтандыру бойынша алғашқы компаниялардың бірін басқарып, сақтандыру нарығының бастауында тұрды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Математика, ақпаратты жүйелер маманы», «Ақпараттық жүйелер магистрі» мамандығы бойынша бітірген. CFA институтының қаржылық талдаушы сертификаты бар. Қазақстанның актуарийлер қоғамының мүшесі. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Байланыс үшін:

«Евразия» СК баспасөз қызметі

Тел.: +7 (727) 258 43 36

E-mail: press@theeurasia.kz



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!