$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Шухрат Ибрагимов «Евразия» СК директорлар кеңесін басқарады

22.05.2023

19 мамыр 2023 ж., Алматы қ. – Акционерлер шешімімен Шухрат Ибрагимов «Евразия» сақтандыру компаниясының директорлар кеңесі төрағасы болып тағайындалды, лауазымды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдады.

«Евразия» СК орын алып жатқан өзгерістер акционерлердің ұзақ уақыт бойғы жоспарының бір бөлігі болып табылады. Компания өзінің басым тұстарын дамытуды жоспар бойынша жалғастырады. Акционерлер капиталдандыруды одан әрі ұлғайтуға, қайта сақтандыру бизнесін күшейтуге, процестер мен өнімдерді автоматтандыруға инвестиция құюға, үздік кадрлардын санын арттыруға ниетті.

«Акционерлер мен серіктестерге маған сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын. Біз кадрлық тұрақтылыққа, капиталдандыруға және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне баса назар аудара отырып, менеджментті компанияның ішкі ұстанымдарын енгізуге және ұлғайтуға бағыттадық», - дейді Шухрат Ибрагимов. – Ұзақ жылдар бойғы тәжірибеме сүйене отырып, біз нарықтық позицияларды нығайтуға және компанияның операциялық тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияны іске асыруды жалғастырамыз».

Компанияның акционерлері ІТ-инфрақұрылымына инвестиция құюды ұлғайтады. Жаңа сақтандыру өнімдері мен қызметтерді іске қосу күтілуде. «Евразияның» цифрлі нұсқасы дайындалып жатыр.

Бүгінде «Евразия» сақтандыру компаниясының Директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады:

●        Шухрат Ибрагимов – Директорлар кеңесі төрағасы;

●        Қайрат Шегебаев – Директорлар кеңесі мүшесі;

●        Жұмагелді Елубаев – Директорлар кеңесі мүшесі – тәуелсіз директор;

●        Айгүл Мұхамадиева – Директорлар кеңесі мүшесі – тәуелсіз директор.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Евразия» СК Қазақстандағы ірі сақтандыру компанияларының бірі болып табылады. Компания 162 млрд теңге сақтандыру премиясын жинап 54,5 млрд теңгеге сақтандыру төлемін жасады, бұл – компания үшін ғана емес, нарық үшін де тарихи рекорд.

«Евразия» СК - Қазақстан мен ТМД елдерінде S&P «BBB» инвестициялық деңгейдегі рейтингі бар жалғыз компания. Компанияның нарықтағы орнын жыл сайын өсіп жатқан сыйақы мен клиенттер саны көрсетеді.

Анықтама үшін:

Ибрагимов Шухрат Алиджанұлы – қазақстандық кәсіпкер. «Евразия» СК Директор кеңесінде 2019 жылдан бастап істеп келеді, 2022 жылдан бастап ERG Бақылау кеңесін басқарады, Евразиялық банктің Директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Қазақстандағы алғашқы жеке меншік Eurasian Space ventures (ESV) ғарыш компаниясын құрды. Қайырымдылық бастамаларына белсенді қатысады: "I am part of Kazakhstan" британдық қайырымдылық ұйымының Қамқоршылық кеңесін, Азия Халықаралық кинофестивалінің кеңесін басқарады. Лондондағы Европалық бизнес мектебін және Пекин тіл және мәдениет университетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік және қытай тілдерінде еркін сөйлейді.

 

Байланыс үшін:

«Евразия» СК баспасөз қызметі

Тел.: +7 (727) 258 43 36

E-mail: press@theeurasia.kz



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!