$APPLICATION
Жас стартап жасыл экономиканы құру кезінде қытайлық аккумулятор өндірушілерімен күресте Еуропаның басты үмітіне айналды.
Самат Қабдолов, «Евразия» сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасының м. а., электр көлігінің болашағы, Northvolt швед компаниясының литий-ионды батареялар нарығындағы болашағы мен орны туралы өз пікірімен бөліседі.
Жарқын жасыл болашақ
Климаттың өзгеруімен күресу - БҰҰ тұрақты даму мақсаттарының бірі болып табылады, ал адам өміріне байланысты көміртегі ізі жаһандық жылынудың негізгі катализаторы болып саналады. Іштен жану қозғалтқыштары (ІЖҚ) бар автомобильдер көмртек диоксиді шығарындыларының негізгі көздерінің біріне айналып отыр, оның салдарынан біздің жер шарымыз жылынып келеді.
Жаһандық жылыну қаупі бүкіл прогрессивті әлемді парниктік газ шығарындыларын азайту және жасыл энергия өндірумен айналысу туралы ойлауға мәжбүрлеп отыр. Негізгі «жасыл» тірек жаңартылатын энергияны пайдалану болып табылады, алайда күн, жел және су өндіретін энергияны сақтайтын жер болмаса, оның мәні болмайды.
Жаңа энергетикалық парадигмада таза энергияны өндіру көздері ғана емес, оны кейіннен сақтау да үлкен маңызға ие. Бүгінгі таңда әлемдік экономикаға миллиондаған аккумуляторлар қажет – тұрмыстық және өнеркәсіптік, ал ертеңгі күні одан да көп қажет болады.
Батареялардың ең көп таралған түрі литий негізінде жасалады және ол үшін тағы да бір күрес жүріп жатыр. Бұл ретте литий мен басқа да сирек кездесетін металдарды өндіру орасан зор экологиялық залал келтіреді. Күн сайын миллиондап тасталатын литий-ионды батареяларды кәдеге жаратудың өнеркәсіптік технологияларының жоқтығы туралы айтпаса да белгілі. Осы себепті де адамзат шын мәнінде таза жасыл энергетикалық жүйені салу жолының бастауында тұр.
Электромобильдің негізгі құрамдас бөлігі батарея болып табылады, және автоөнеркәсіп болашақта аккумуляторлық батареялардың негізгі тұтынушысы және балама «шығарындылардың» көзі болары даусыз.
Солтүстік аккумулятор полюсі
Қазіргі таңда Еуропа, АҚШ секілді әлемдік автомобиль жасау орталығы емес. Әлемдік автоиндустрия орталығы Қытайға ауысып отыр, бұл шығарылып отырған автомобильдердің санымен ғана емес, сонымен қатар ұсынылған брендтердің әртүрлілігімен, әсіресе электр автокөлігі санатымен де куәландырылады. Бұл таңқаларлық жайт емес: Аспан асты елі литий-ионды батареяларды өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.
Қытайлық CATL-ден басқа, аккумуляторлар нарығындағы ірі ойыншылар оңтүстік кореялық LG және жапондық Panasonic болып табылады. Қытай литийдің жеке кен орындарына ие болып қана қоймай, ол әлемнің басқа елдерінде литий өндірісін бақылайды. Осы себепті де еуропалық және американдық автоөнеркәсіптің электромобильдер нарығының болашағы біршама бұлыңғыр, бұл жағдай швед стартапы – Northvolt өзі туралы жария еткен сәттен бастап жаңа белеске өтті.
«Евразия» сақтандыру компаниясына компанияның үш зауытын, оның ішінде салынып жатқан зауытты қайта сақтандыру бойынша ұсыныс келіп түскенге дейін мен бұл компания туралы соңғы уақытқа дейін өзім ештеңе білмедім. Бағдарлама бірнеше миллиард еуроға дейін мүліктік тәуекелдерді және өндірістегі үзілісті қамтиды. Жақында - 2017 жылы пайда болған шведтік батарейкадағы стартапы осындай. Бұл ретте бірінші фабриканың құрылысы тек 2019 жылдың аяғында басталды және пандемиямен тұспа-тұс келді, соның салдарынан компания құрылысты бастаған кезде біраз тығырыққа тірелді. «Евразияда» біз «жасыл» экономиканың тәуекелдері үшін андеррайтерингті қолданамыз, және Northvolt, даусыз олардың қатарына жатады.
Айта кететін жайт, швед зауыттарында аккумулятор өндірісіне литий шалғай жатқан Австралия кен орындарынан жеткізіледі.
Жалпы бағасы 20 миллиард долларды құрайтын Northvolt-тың ірі инвесторлары мен акционерлері Goldman Sachs, Volkswagen, BMW, Baillie Gifford, сондай-ақ бірқатар зейнетақы қорлары болып табылады. Жаһандық хедж-қорлар болашақта мол табыс көзі болуға сөзсіз сеп болатын, осы алып және жағымды тарихтың, шведтік стартаптың бір бөлігі болуға үміт артып, кезекке тұруда. Қызықты IPO іздейтін бөлшек сауда инвесторлардың орнында мен Northvolt-ке назар аударар едім. Бұл инвестициялық ұсыныс емес.
Шведтердің алдында архикүрделі міндет тұр – қазіргі таңда салада үстемдік ететін қытайлық аккумулятор өндірушілерімен бәсекеге түсу. Және де Northvolt қолынан бұл келетін сияқты: оның қоржынында Scania, BMW және Audi-ден нақты тапсырыстар бар. Клиенттер арасында тек автомобиль өндірушілер ғана емес, сонымен қатар Еуропадан Siemens, ABB, Vattenfall сияқты өнеркәсіптік алыптар да бар. Жалпы тапсырыстар кітабы €50 млрд-тан асады. Айта кетейік, бұл компаниялар бізде – «Евразия» СК-да қайта сақтандырылған.
Көбірек ресурстар қажет
Northvolt, көптеген жас компаниялар сияқты, өндірісті жылдам өрістету және жолға қою қажеттілігімен байланысты даму мәселелерін бастан кешіруде. Қазір компания тұйыққа тіреліп отыр және бұл ақшаға байланысты емес. Northvolt осы уақытқа дейін жаңа өндірісті қайда салатыны туралы, Германияда ма немесе АҚШ да ма, бір шешімге келе алмай отыр. Жақын арада Гётеборгте Volvo-мен бірлесіп гигафабриканың құрылысы басталатынына қарамастан, Шеллефтеодағы (бұл Швецияның солтүстік-шығысындағы шалғай провинция) фабрикалардың бірінің өндірістік қуатын кеңейту жалғасуда. Дилемманың себебі мемлекеттік субсидиялардың мөлшері болды - АҚШ-та да, Еуропада да ІЖҚ бар автомобильдерден бас тартуды тездеткісі келеді, сондықтан да үкімет келешекті өндіруші үшін күресте нар тәуекелге бел буады. Сонымен қатар, Northvolt-тың ең ірі инвесторларының бірі Volkswagen бұрын жоспарланғандай Еуропада емес, Канадада электрокарлар зауытын бастау туралы шешім қабылдады.
Қарқынды өсу және аккумуляторлар нарығында өршіл кеңейту жоспарларын жүзеге асыру үшін ақша қажет және аз ақша емес. Шведтер бірқатар банктермен қосымша $5 млрд тарту туралы келіссөздер жүргізуде, бұл ретте қазірдің өзінде тартылған қаржыландырудың, оның ішінде борыштық қаржыландырудың жалпы сомасы $8 млрд құрайды. Бұл инвесторлардың зор сенім артуын және олардың бүкіл кәсіпорынның болашақ табысына деген сенімін көрсетеді. Northvolt жаңа қаржыландыруды тартуда қиындық көріп отырған жоқ, бірақ өзі үшін ең жақсы жағдайлар үшін саудаласу үстінде болуы мүмкін. Компанияның бәрі, осындай бастама сәтінде мұндай артықшылықты жағдайға ие емес, инвесторларды табысты инвестицияларымен құттықтауға болады.
Northvolt алдындағы миссия – әлемге барынша таза жасыл энергеияны тарату, бұл сара жолда қытайлық өндірушілерді шетке шығару қиынға түспек. Мүмкін, мұндай геосаяси міндет АҚШ және Еуропалық Одақ елдерінің үкіметі үшін әлдеқайда маңызды. Northvolt электромобильдердің қарқынды дамып келе жатқан нарығы үшін күресте Ескі және Жаңа әлемнің жалғыз үміткері болып отыр.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.