$APPLICATION
Жаппай ЖКО-дан зардап шеккен жүргізушілер Каско ерікті сақтандыру шарты бойынша немесе міндетті автосақтандыру аясында (КҚИ АҚЖМС) сақтандыру төлемін ала алады.
Бүгінгі таңда Каско бағдарламасы бойынша төлем алу үшін «Евразия» Сақтандыру компаниясына жаппай ЖКО-дан зардап шеккен көлік құралдарының үш иесі жүгінді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Каско ерікті сақтандыру бағдарламалары аясында зардап шеккен көлік құралының жүргізушісі апатқа кінәлі болғанына қарамастан, тіпті егер кінәлі кейін анықталмаса да сақтандыру төлемін ала алады.
Міндетті автосақтандыру аясында кінәлі тұлғаның сақтандыру компаниясы зардап шеккендер алдында заңда белгіленген лимит шегінде 2000 АЕК немесе 7,864 млн теңге мөлшерінде жауапкершілікті көтеретін болады. Бұл сома кінәлі жүргізушінің әрекеті нәтижесінде барлық зардап шеккендерге бөлінеді және іс жүзінде келтірілген залалдың аз бөлігін де жаба алмайды. Қалған соманы зардап шеккендер кінәлі тұлғадан сот тәртібімен өндіріп ала алады. Бұл ретте зардап шеккендердің саны мен қаржылық талаптардың көлемін ескере отырып жеке тұлғадан барлық соманы өндіріп алу екіталай болып табылады.
Полицияның алдында барлық жағдайларды және әрекеттері жаппай апатқа әкелген кінәлі жүргізушілерді анықтау міндеті тұр. В Егер кінәлі тұлға анықталмаса, Каско полисі жоқ жүргізушілер автокөлікті өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болады.
Сонымен қатар, жол қозғалысы туралы заңнамаға сәйкес жолдарды күтіп ұстауға жауапты ұйым олардың қауіпсіздігін, соның ішінде көктайғаққа қарсы шараларды қамтамасыз етуге міндетті. Егер ұйым салдары жол-көлік оқиғасына әкелген жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны анықталса, зардап шеккен автомобильдердің иелері ұжымдық талап қоя алады. Алайда, Каско сақтандыру төлемінен айырмашылығы, сот процестері зардап шеккендерден заңгерлік қызметтерге көп уақыт пен қомақты қаражатты талап етеді.
"Евразия" СК статистикасы бойынша ЖКО-ның 90% қатысушылары екіден артық емес автомобиль болып табылады. Қалған 10% жағдайда үш немесе одан да көп көлік құралдары қатысады. Жаппай ЖКО айрықша оқиға болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда Ақмола облысында Астана – Щучинск тас жолында 95 көлік құралының қатысуымен жаппай ЖКО орын алып, 20 адам медициналық көмекке жүгінген.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.