$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Қазақстандық сақтандыру компаниясы Калифорниядағы өрттен келтірілген залал үшін $4 млн. астам төлем төлейді

21.01.2025

2025 жылдың 21 қаңтары, Алматы қ. – «Евразия» Сақтандыру компаниясы Калифорниядағы ауқымды орман өрттерінен зардап шеккен мүлік туралы хабарлама алды. Қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша шығындағы «Евразия» СК жауапкершілігінің үлесі $4,6 млн-нан асуы мүмкін.

Өрт кезінде үш оқу орны толығымен жойылды немесе айтарлықтай зақымданды – Калифорнияның әртүрлі аудандарында орналасқан екі орта және бір бастауыш мектеп. Осы жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалпы сақтандыру сомасы $75 млн. құрайды. Мектептер мен басқа да муниципалдық мекемелер APIP бағдарламасы аясында сақтандырылған, «Евразия» СК да   бұл бағдарламаның қатысушы болып табылады.

APIP, немесе Alliant Property Insurance Program – АҚШ-тағы муниципалдық жылжымайтын мүлікті қорғауға бағытталған сақтандыру бағдарламасы. APІP аясында 45 штатта $500 млрд-тан астам сомаға 10 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілері сақтандырылған, бұл оны әлемдегі ең ірі сақтандыру бағдарламаларының біріне айналдырып отыр.

«Дүлей апаттан болған елеулі залалға қарамастан, Калифорниядағы жылжымайтын мүліктің көп бөлігі бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да қайта сақтандырылатын ерікті бағдарламалар бойынша сақтандырылған. Айта кету керек, өртенген мектептердің оқушылары мен қызметкерлері уақытылы эвакуацияланған, құрбандар туралы ақпарат жоқ. Біз қайта сақтандыру төлемін қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын, оның ішінде залалды бағалауды алуды күтіп отырмыз, сондай-ақ басқа да қайта сақтандыру бағдарламалары бойынша зардап шеккендерден жаңа өтініштердің түсуін жоққа шығармаймыз», – деп мәлімдеді «Евразия» СК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Калифорния штаты ең ауқымды орман өрттерінің құрсауында қалған. Екі үлкен өртену ошағын қамтиды: біріншісі – Палисейдс, Лос-Анджелестің батысындағы аттас беделді Пасифик-Палисейдс ауданында; екіншісі – Итон, штат астанасының солтүстік-шығысындағы Алтадина округінде (Пасадена маңында), Итон-Каньоны табиғи саябағында пайда болған.

Алдын ала бағалаулар бойынша Итон мен Палисейдстегі өрттердің нәтижесінде 7 мың және 5 мыңнан астам ғимарат жойылған. Бұл екі өрт шығындар көлемі бойынша АҚШ пен Калифорнияның жаңа тарихындағы топ-5 қатарына енгізілді.

Gallagher Re жетекші қайта сақтандыру брокерлерінің бірінің бағалауы бойынша Калифорнияның оңтүстігіндегі орман өрттерінен сақтандырылған шығындар 30 миллиард долларға жетуі мүмкін. CoreLogic модельдеу компаниясының сарапшылары өрттен болған шығынды $45 млрд-қа дейін сомаға бағалайды. JP Morgan бағалауы бойынша, тікелей экономикалық шығын $50 млрд-тан асады.

Калифорнияда 1968 жылдан бері штат үкіметі әзірлеген California FAIR Plan өрт қаупінен сақтандыру бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама әкімшілігі Калифорниядағы жылжымайтын мүлік иелерінен $5,9 млрд. шығын мәлімделгені туралы хабарлады.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!