$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Жаңа жыл - қарызсыз: «Евразия» СК ЖКО үшін жеделдетілген сақтандыру төлемдері

05.12.2024

Жаңа жыл – жағымды қарбалас әрекеттермен-сыйлықтар сатып алумен, демалыспен, туыстарымен және достарымен кездесумен байланысты көптен күткен отбасылық мереке. Қар жауу - жаңа жылдық мерекенің ажырамас атрибуты, сонымен қатар көптеген жол-көлік оқиғаларының себебі болып табылады.

«Евразия» Сақтандыру компаниясы өз клиенттеріне мереке туралы жағымды естеліктерді сақтауға, ал ЖКО – мен байланысты қиыншылықтарды өткен жылға қалдыруға көмектесу үшін «Жаңа жыл-қарызсыз» акциясын қайта іске қосады.

2024 жылғы 27 желтоқсанға дейін құжаттарды тапсырған клиенттерге «Евразия» СК сақтандыру төлемдерін Жаңа жыл басталғанға дейін жүзеге асырады. Сақтандыру төлеміне өтінішті eurasia36.kz сайтының жеке кабинетінде онлайн беруге болады немесе электрондық пошта арқылы: ServiceCenter@theeurasia.kz, сондай-ақ компанияның кеңсесінде тапсыруға болады. Барлық өтінімдер жеделдетілген режимде қаралатын болады.

«Қыс - апаттың көп болуына байланысты барлық сақтандырушылар үшін ең қарбалас уақыт. Біз әрбір өтініш білдірген автокөлік жүргізушілеріне желтоқсан айының соңына дейін төлемдер алу үшін және Жаңа жылды отбасымен және жақын адамдарымен уайымсыз қарсы алу үшін қамқорлық жасаймыз, – деп мәлімдеді «Евразия» СК баспасөз қызметі. – Жыл сайын біз ЖКО-да зардап шеккендерге 30 мыңнан астам сақтандыру төлемдерін жасаймыз және олардың едәуір бөлігі желтоқсан айына тура келеді. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын және жолдарда абай болыңыз!»

Жылдың басынан бастап компания міндетті сақтандыру бойынша 14,7 млрд теңге және Каско ерікті автосақтандыру бағдарламалары бойынша 19,5 млрд теңге жинады. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жүргізушілерге сақтандыру төлемдері автосақтандырудың екі класы бойынша жиынтықта 19,9 млрд теңгені құрады.

«Евразия» СК талдаушыларының деректері бойынша 2023 жылы Қазақстан жолдарында 90 мыңнан астам ЖКО орын алды, 2024 жылдың толық емес кезеңінде жолдардағы апаттар саны 100 мыңнан асты, бұл ретте жол қозғалысы ережелерін бұзу себебінен жол оқиғаларының негізгі шыңы қысқы кезеңге келеді, жолдардағы көктайғақ жағдайды едәуір ушықтырады.

«Евразия» СК Қазақстанның сақтандыру нарығында көпжылдық көшбасшы болып табылады. Ұлттық Банктің өзекті деректері бойынша компанияның активтері 613 млрд теңгеден асады немесе жалпы сақтандыру нарығында 45% - ға жуық.

«Жаңа жыл – қарызсыз» акциясының шарттары бойынша толық ақпаратты «Евразия» СК байланыс орталығынан 5678 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша алуға болады.

https://kaz.nur.kz/nurfin/2196534-evraziia-sk-zhol-apaty-ushin-zhanga-zhylga-deiingi-zhedeldetilgen-tolemderdi-zhuzege-asyrady/ - nur.kz, 05.12.2024

 



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!