Жаңалықтар

«Евразия» СК-ның «Каско сатып ал – көлік ұтып ал» ұтыс ойынының бас жүлдесі Қарағандыға бұйырды

07.10.2026

«Евразия» СК-да Каско полисін рәсімдеген клиенттер арасында жүлделердің үлкен ұтыс ойыны өткізілді. Компания ұтыс ойынының соңғы IV кезеңінің қорытындысын шығарып, жеңімпазға бас жүлдені – көлікті табыстады.

Ұтыс ойынының бас жүлдегері Қарағанды қаласының тұрғыны Станислав Цицвира болды, ол «Еуразиялық банк» арқылы автонесие аясында Каско полисін рәсімдеген. Көлік және басқа да бағалы жүлделер 17 қыркүйекте компанияның @eurasia36.kz Instagram парақшасында тікелей эфирде ойнатылды.

«Өткен жылы біздің ұтыс ойынымыздың жеңімпаздары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген клиенттер болды. Біздің басты мақсатымыз – көлік құралын қорғаудың ең тиімді құралы ретінде Каско ерікті автосақтандыруды насихаттау. Станиславты және оның бүкіл отбасын жеңісімен құттықтаймын, ол нағыз бақытты жан. Біздің ұтыс ойынымызға 27 мыңнан астам «Евразия» СК-ның клиенттері қатысты», – деп атап өтті «Евразия» СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Станислав салтанатты шараға қатысу үшін жұбайы Елизаветамен бірге Алматыға келді. Кайрат Чегебаев жеңімпазға ұтыс ойынына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Сондай-ақ Цицвира отбасын «Евразия» СК төрағасының орынбасары Нуржан Джантуреев және «Еуразиялық банк» атқарушы директоры Вероника Ножненко құттықтады.

«Осы уақытқа дейін күмәндандым және сенбедім, бәрі кенеттен және жылдам болды. Мен көлікті автосалоннан сатып алдым, бірден бір жылға Каско алдым. Каско рәсімдеңіздер, әрдайым және барлық жерде сақтандырылыңыздар», – деді Станислав Цицвира.

Автокөлікті қайта рәсімдегеннен кейін, мемлекеттік тіркеу белгілерін алған соң, Станислав Елизаветамен бірге «Евразия» СК жаңа сақтандыруды рәсімдеп, өздерінің көлігімен Қарағандыға үйлеріне қарай жолға шықты.

Станислав Цицвира 28 жаста, Қарағандыда туған және тұрады. Көлік-логистика саласындағы жеке шағын бизнесін кеңейту үшін сатып алынған жүк автокөлігін қорғауға Каско полисін рәсімдеген. Компанияның автопаркінде Қарағанды облысындағы жергілікті кәсіпорындарға қызмет көрсететін төрт автокөлік бар. Бос уақытында Станислав «Хайдакъ» лезгинка мектебінде балаларға би сабақтарын өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші көлікті 2025 жылдың қараша айында Өскемен қаласының тұрғыны Динара Жайжатырова ұтқан болатын. «Каско сатып ал – көлік ұтып ал» ұтыс ойыны 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 31 тамызға дейін өткізілді. Төрт кезеңде «Евразия» СК клиенттер арасында екі автокөлік, он екіден Apple және Samsung смартфондарын, 300 мың теңгеге он екі Каско полисін, сондай-ақ 30 литр бензинге 120 талон ойнатты.

Каско полисін eurasia36.kz сайтында онлайн түрде өзіңіз немесе «Евразия» СК филиалдарының бірінде рәсімдей аласыз.

Stan.kz – 07.10.2026 - https://stan.kz/evraziia-sk-da-kasko-polisin-rasimdegennen-keiin-qaragandy-qalasynyn-t-440618/


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!