Жаңалықтар

«Каско сатып ал - автокөлікті ұтып ал»: «Евразия» СК бас жүлдесі Өскеменге кетті

26.11.2025

«Евразия» Сақтандыру компаниясы Алматыда өткен салтанатты рәсімде «Каско сатып ал – автокөлік ұтып ал» ұтысының жеңімпазына екі басты сыйлықтың бірін тапсырды.

Ұтыс ойынының екінші кезеңінің басты жеңімпазы Өскемен қаласынан Динара Жайжатырова болды. Естеріңізге сала кетейік, автокөлік және басқа да бағалы сыйлықтар компанияның @eurasia36.kz  Instagram парақшасында онлайн-эфирде ойнатылды.

«Ұтыс ойыны біздің компанияның 30 жылдығына орай өткізіледі. Каско-бұл сіздің көлігіңізді қорғау ғана емес, сонымен қатар құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігі. Динара әр клиенттің мүмкіндігі бар екенін дәлелдеді», – деп атап өтті,  автокөліктің кілтін тапсыру кезінде «Евразия» СК Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев.

Каско полисін Динара Жайжатырова автокредиттеу аясында Еуразиялық банк арқылы сатып алған. Ең қызығы, жеңімпаз «Евразия» сақтандыру компаниясынан сақтандыру арқылы қорғауды әдейі таңдаған – ұтыс ойынында жеңемін деген үмітпен. Енді оның отбасында екі жаңа автокөлік бар.

«Автокөлікті отбасым үшін – балаларды балабақша мен мектепке апару үшін, сондай-ақ жұмысымда пайдалану үшін сатып алғанмын. «Евразияда» екі көлік пен басқа да сыйлықтар ойнатылатынын естідім. Бәлкім, маған да бақ қонар» деп ойладым. Солай болды да! Мен көлікті өз көзіммен көрмейінше соңына дейін сенбедім», – деп өз жеңісі туралы пікірін білдірді Динара Жайжатырова.

Автокөлікті қайта ресімдегеннен және  мемлекеттік тіркеу белгілерін алғаннан кейін Динара автокөлікпен үйіне, Шығыс Қазақстан облысына қайту үшін «Евразия» СК-да жаңа сақтандыруды ресімдеді.

Еске сала кетейік, 13 қарашада ұтыс ойынының екінші кезеңі өтті: тікелей эфирде рандомайзер Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеңімпаздарды анықтады. Автокөліктен бөлек смартфондар және 300 мың теңгеге КАСКО сертификаттары ойнатылды. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары ретінде әрқайсысы 30 литр бензинге арналған 30 талон берілді. Жеңімпаздарға белсендіру үшін қажетті QR-кодтар SMS арқылы жіберілді.

«Каско сатып ал – автокөлік ұтып ал» акциясы жалғасуда. Алда «Евразия» СК клиенттерін сыйлықтардың тағы екі кезеңі және екінші бас жүлде – автокөлік күтіп тұр.

Каско полисін eurasia36.kz сайтында онлайн түрде немесе «Евразия» СК филиалдарының бірінде өзіңіз ресімдей аласыз. Сенім білдіргеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз және жеңіске қол жеткізуге тілектеспіз. 


26.11.25 - kaz.nur.kz - "Евразия" СК-ның Каско полисін алған Өскемен тұрғыны автокөлік ұтып алды
26.11.25 - kapital.kz - Купи Каско – выиграй автомобиль: главный приз от СК Евразия отправился в Усть-Каменогорск - новости Kapital.kz
26.11.25 - zakon.kz - Как жительница Усть-Каменогорска выиграла автомобиль после покупки Каско от СК "Евразия" ᐈ новость от 09:15, 26 ноября 2025 на zakon.kz


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!