Ëқаз

Автомобиль көлігін сақтандыру

Қызметтік жүк және жеңіл көлік қолданылмайтын бизнестің саласын табу әрине мүмкін емес . Мұндай көлікпен басшылық жүреді, тауарлар тасымалданады және басқа да жұмыстар жүргізіледі. ЖКО, ұрлық, өртеу немесе басқа жағымсыз оқиғаның нәтижесінде істен шыққан автокөлік құралы қаржылық та, уақыттық та жоспарлардың бәрін жаңылдыруы мүмкін, сондай-ақ фирманың беделіне елеулі нұқсан келтіруі де мүмкін. Көлік құралын пайдаланумен байланысты тәуекелдерден өзіңді қауіпсіздендірудің сенімді тәсілі - өз ұйымыңның автопаркін сақтандыру. Біз Сіздерге өз көлік құралдарыңызды жоғары сервис деңгейімен, сенімді қорғаныспен және залалды жедел өтеумен сақтандыруды ұсынамыз.

Сақтандыру объектісі автомобиль көлігін иеленумен, пайдаланумен және билік етумен, сондай-ақ сақтандыру жағдайларының нәтижесінде зақымдану немесе оны жоғалту (жою) тәуекелімен байланысты Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүдделері болып табылады.

- Стандартты тәуекелдер

Келесі жағдайлардың нәтижесінде автомобиль көлігінің (қосымша жабдықтың) жоғалуы (жойылуы) немесе зақымдануы:

  • Жол-көлік оқиғасы: көлiк құралының жолдағы жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, оның барысында басқа автомобиль көлігімен соқтығысу, жылжымалы немесе жылжымайтын заттарды (құрылыстар, кедергілер, құстар, аңдар) басып кету (соқтығысу), аударылу, суға бату, алдында келе жатқан автомобиль көлігінің дөңгелектерінің астынан ұшқан тастардың тиюі орын алған оқиға;
  • Үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері : айдап әкету, қарақшылық, тонау, автомобиль көлігін ұрлау және айдап әкетумен, қарақшылықпен, тонаумен немесе айдап әкету, қарақшылық, тонау, ұрлау әрекеттерімен байланысты жою немесе зақымдау ;
  • Дүлей апаттар : боран, дауыл, құйын, бұршақ, найзағайдың түсуі, жер сілкінісі, таудың опырылып құлауы, көшкін, жанартаудың атылуы, құйын, тайфун, торнадо, цунами;
  • Басқа күтпеген оқиғалар: өрт, жарылыс, мұздың астына түсіп кету, су құбырынан, жылыту немесе канализациялық жүйелерден зақымдану.

Сақтандыру сомасы:
КҚ шынайы (нарықтық) құны


Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.

Менеджермен байланысу:

Байланысқа арналған телефондар:
+7 (727) 258-43-36 (Алматы қ.)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз



Æ

Сақтандыру жағдайы?

Сақтандыру жағдайы орын алды және Сіз қиындықтарға тап болдыңыз. Егер Сізде "Евразия" СК" АҚ сақтандыру полисі бар болса, алаңдамаңыз. Біз Сізге тілектеспіз және көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз.

Бұл үшін қажет:

Компанияның байланыстары

Î

Қоңырауға тапсырыс беру

Ваша заявка успешно отправлена!