$APPLICATION
Су көлігі құралдарын пайдалану барысында әртүрлі күтпеген оқиғалар орын алулары мүмкін, олар су көлігінің зақымдануына немесе жоғалуына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде, иесінің қаржылық жағдайына елеулі соққы болуы мүмкін.
Су көлігін сақтандыру объектісі кез келген теңіз, өзен кемелері, оның ішінде шағын тоннаждылар (яхталар, катерлер, су мотоциклдері) болып табылады. Оларды көлік құралының өзінің де, оның ішкі жабдығының да бұзылуымен, зақымдануымен, жоғалуымен байланысты барлық тәуекелдерден сақтандыруға болады.
Сақтандыру жағдайы келесі оқиғалардың салдарынан су көлігін жоғалту (жойылу) немесе зақымдануы болып табылады:
«Кеменің жойылуы мен зақымдануы үшін жауапкершілікпен»
Кемелердің соқтығысуының, дүлей апаттардың, әртүрлі құрылымдағы теңіз топырағына немесе теңіз түбіне тиюдің, қайырға отырып қалудың салдарынан орын алған сақтандырылған мүліктің зақымдануы немесе жойылуы ; суға бату, аударылу, басқа кемемен немесе қандай да бір басқа жылжымайтын немесе қалқымалы объектімен, мұзды қоса, кездейсоқ күтпеген жерден соқтығысу, айлақтардың, доктардың, кемежайлардың жабдықтарымен және құрылыстарымен, айлақ қабырғаларымен, қадалармен соқтығысу, жүкті тиеу/түсіру кезіндегі кеменің зақымдануы.
Сақтандыру объектісі азаматтық заңнамамен белгіленген тәртіпте оның сақтанушымен су көлігін пайдалану кезіндегі зардап шеккен тұлғалардың өміріне және денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залалды өтеу міндеттемесімен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері болып табылады.
Сақтандыру сомасы және сыйлықақысы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді .
Сақтандыру жағдайы ретінде су көлігін пайдалану кезінде зардап шегушілер ретінде танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактысы танылады.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.