Жаңалықтар

Міндетті автосақтандыру нарығы тепе-теңдікке қол жеткізе ала ма?

04.06.2026

Ең кең таралған әрі сұранысы жоғары сақтандыру түрі бойынша тарифтерді түзетудің сөзсіз қажеттілігі

Әдетте, қарапайым жүргізуші автосақтандыруды екі жағдайда ғана еске алады: жол-көлік оқиғасына түскен кезде және келесі жылға арналған сақтандыру полисін сатып алу қажет болғанда.

Соңғы айда Қазақстанда міндетті автосақтандыру (КҚИ АҚЖМС) төңірегіндегі, нақтырақ айтқанда, жүргізушілер үшін оның құнының өсуіне қатысты талқылаулар толастар емес. ҚНРДА жүргізушілерге жеке рейтинг тағайындалатын және соның негізінде автосақтандыру құны есептелетін бонус-малус жүйесіне маңызды өзгерістер енгізуде.

Реттеуші ұсынған өзгерістер аз емес: мысалы, айыппұлдық кластардың  саны бірге дейін қысқартылды. Сонымен қатар, сақтандырушылар тәртіпті жүргізушілерге 10%-ға дейін жеке жеңілдік қолдана алады немесе жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын жүргізушілер үшін дәл осындай мөлшерде қосымша үстемеақы белгілей алады. Бұл ретте көпшіліктің назарын, осы заңды құбылыс, болашақ сақтандыру полистерінің құнының өсуі аударды.

Отандық антирекордтар

Міндетті автосақтандыру құнын арттыру бағытында қайта қарау қажеттігі туралы әңгіме соңғы бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Неліктен? Жауабы айқын – сақтандырудың бұл түрі сақтандыру компаниялары үшін шығынды болып табылады. Жыл сайын жағдай одан әрі күрделене түсуде.

ҚР Ұлттық банкінің   деректеріне сәйкес, 2025 жылы сақтандыру компаниялары жалпы 105,8 млрд теңге көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды, ал 136,8 млрд теңге сақтандыру сыйақыларын жинады. Алайда бұл салыстыру сақтандырудың шығынсыздығы туралы қате түсінік тудырмауы тиіс, себебі мұнда осы жылдың сыйақылары мен өткен жылдардағы шарттар бойынша қалыптасқан залалдар салыстырылып отыр. Сондай-ақ шарттарды бұзу жағдайлары ескерілмейді, оларға жиналған сақтандыру сыйақыларының шамамен 15%-ы тиесілі: шамамен 20 млрд теңге автокөлік иелерінің бастамасы бойынша шартты мерзімінен бұрын тоқтату нәтижесінде қайтарылған.

Дұрыс бағалау критерийі ретінде залалдылық коэффициенті алынады, ол әлдеқашан барлық ақылға қонымды шектерден асып кеткен және 120% деңгейінде қалыптасқан, ал жекелеген жағдайларда 140%-ға дейін жетеді, бұл өте қолайсыз көрсеткіш. Және бұл операциялық шығындарды, сақтандыру резервтерін қалыптастыру қажеттілігін, сондай-ақ IT-инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестицияларды есепке алмағанда. Жекелеген өңірлер бойынша залалдылық  деңгейі айтарлықтай ерекшеленеді – Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары шектен тыс жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр, әрі бұл бір жылдың ғана көрінісі емес, тарихи қалыптасқан жағдай.

Коммерциялық кәсіпорын болып табылатын бірде-бір сақтандыру компаниясы шығындарды жинақтап, оларды басқа сақтандыру кластарының есебінен жаба алмайды әрі бұған ұмтылмайды.

Көлік саны неғұрлым көп болса – ЖКО  да соғұрлым көп болады.

Сақтандыру төлемдерінің өсуінің негізгі себептері бірнешеу: инфляция, автокөлік паркі мен жол-көлік оқиғалары санының артуы және, қаншалықты таңқаларлық болса да, сақтандыру мәдениетінің дамуы.

Инфляция мәселесі барынша түсінікті – қосалқы бөлшектердің, іс жүзінде 100%-ға жуығы импортталатын тауарлардың, сондай-ақ жөндеу қызметтерінің құны өсіп отыр. Әлемдік инфляциялық үдерістер, валюта бағамдарының құбылуы, күрделенген логистика және ҚҚС-тың артуы автомобильдің қосалқы бөлшектерінің бағасына әсер етпей қоймайды. Бұл – біз қабылдауға мәжбүр болатын шындық.

Сонымен қатар елдегі автокөлік паркі біртіндеп жаңарып келеді: өткен жылы автосалондар шамамен 235 мың жаңа автокөліктерді сатты – бұл рекордтық көрсеткіш. Жаңа көліктер де ЖКО-ға  ұшырайды, ал олардың қосалқы бөлшектерінің құны пайдаланылған көліктермен салыстырғанда едәуір жоғары.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның автопаркі 5,9 млн көлік құралына жетті, бұл жолдардағы ЖКО санының өсуіне әсер етеді. Соңғы бірнеше жылда бүкіл нарықтан жиналатын деректерді біріктіретін Біріңғай сақтандыру деректер қоры (БСДҚ)  ЖКО  мен олар бойынша сақтандыру төлемдерінің тұрақты өсімін тіркеп отыр: 2023 жылы – шамамен 93 мың, 2024 жылы – 131 мыңнан астам, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша – шамамен 140 мыңға жуық. Бұдан әрі жағдай тек нашарлай түседі деген пікір бар.

«Евразия» СК талдаушыларының есептеулеріне сәйкес, өткен жылы елде тіркелген автокөліктердің 4,7%-ы ЖКО-ға  ұшыраған, яғни шамамен әрбір жиырмасыншы көлік. Апаттарға қатысу үлесінің жыл сайынғы өсімі автопарктің арту қарқынынан озық жүріп отыр, яғни жүргізушілер ЖКО-дан  кейін сақтандыру компанияларына бұрынғыдан жиірек жүгінеді. Бұл үдерісте маңызды рөлді еурохаттама рәсімінің енгізілуі атқарды, ол 100 АЕК-ке дейінгі залалы бар жол-көлік оқиғаларын полицияны шақырмай-ақ реттеуге мүмкіндік береді және кінәлі тарапты айыппұл төлеуден босатады. ЖКО санының статистикада өсуіне, соның ішінде еурохаттама да әсер етеді – өткен жылы жеңілдетілген рәсім бойынша 26,5 мың төлем жүзеге асырылған. Экономикалық ынталандырулар мен IT-технологиялар жүргізушілерді сақтандыру сервистерін пайдалануға бейімдеп, яғни сақтандыру мәдениетін арттыруда.

Бұдан әрі не болады?

Біздің есептеулеріміз бойынша полистің орташа құны 17,7 мың теңгеден шамамен 21,8 мың теңгеге дейін өседі. Және сақтандыру компаниялары бұдан пайда таба алмайды, бірақ бұл автосақтандырудың анағұрлым тұрақты әрі салауатты дамуына ықпал етеді.

Мысалы, экономика құрылымы жағынан бізге едәуір жақын көрші Ресей елінде міндетті автосақтандыру полисінің орташа құны бізден 2 еседен астам жоғары, шамамен 46 мың теңге, бұл ретте мүлікке келтірілген зиян бойынша да, денсаулыққа келтірілген зиян бойынша да ең жоғары төлем мөлшері төмен болып келеді. Батыс Еуропа елдерінде полис құны тіпті €200–300-ден басталады. Бүгінгі таңда Қазақстанда өте төмен тарифтер қолданылады, олар нақты жөндеу құнын толық өтемейді.

Тарифтердің өсуін болдырмауға бола ма? Бұл жағдайда біз жол қозғалысына қатысушылардың зардап шеккендер алдындағы жауапкершілігін реттейтін қалыптасқан әрі жұмыс істеп тұрған сақтандыру жүйесінен айырыламыз.  Автосақтандырудың жоғары залалдылығына  байланысты сақтандыру компанияларында клиенттерді тартуға ешқандай ынта болған жоқ, дегенмен олар мұны жасауға міндетті. Осы себепті Қазақстанда шамамен 1,5 млн көлік құралы, яғни автопарктің төрттен бірі, КҚИ АҚЖМС полисінсіз қалған. Бұл шынымен де алаңдатарлық жағдай, себебі ЖКО  кезінде зардап шеккен жүргізушіге залалды сот арқылы өз бетінше өндіріп алуға тура келу ықтималдығы жоғары.

Реттеушінің тарифтерді өзгерту туралы шешімі күтілген әрі мәжбүрлі шара болып табылады. Сақтандыру – мүліктік тәуекелдерден қорғаудың өркениетті және әзірге ең тиімді тәсілі. Мұндай құралдан бас тарту – өткен кезеңге үлкен қадам болар еді. Сақтандыру компанияларында міндетті автосақтандыру тетіктерін жетілдіру бойынша әрқашан көптеген ұсыныстар бар, мысалы, жолда көп уақыт өткізетіндіктен, демек, тәуекелі жоғары болатын такси көліктерін жеке класс  ретінде бөлу.

Автокөлік – тек қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар жоғары қауіп көзі болып табылады.  Осыған байланысты кинематографияның классикалық туындысындағы мына сөздер еске түседі: «Адам – тірі жаратылыстардың ішінде өзіне қосымша қиындықтар жасауды ерекше ұнататын жалғыз жан. Дәл осы себептен жеке автокөлікке ие болуға деген құлшыныс түсіндіріледі». Автокөліктер өзгерді: олар жылдамырақ, сенімдірек әрі әдемірек болды, бірақ туындайтын мәселелердің мәні сол күйінде қалды – ЖКО  және олардың салдарлары. Сонымен қатар, автокөлікке ие болу адамның қалауының салдарын реттеу міндеті дәл сақтандыру компанияларына жүктелетінін де атап өткен жөн.

P.S.
Сіз осы мақаланы оқып отырған бес минуттың ішінде Қазақстанда үш автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, ал бір сағаттан кейін мұндай оқиғалардың саны 34-ке жетеді.

Автор: Қайрат Чегебаев, CFA
«Евразия»СК Басқарма Төрағасы


Forbes.kz - 04.06.2026 - Сможет ли рынок обязательного автострахования в Казахстане прийти к равновесию?



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!