Жаңалықтар

Үндістанда апатқа ұшыраған Boeing 787 ұшағы үшін өтемақыны Қазақстанның сақтандыру компаниясы төледі

20.05.2026

2026 ж. 20 мамыр, Алматы қ. – «Евразия» сақтандыру компаниясы 2025 жылғы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатында апатқа ұшыраған, Ахмедабад – Лондон бағыты бойынша ұшқан Air India әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағына қатысты қайта сақтандыру бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдерді жүзеге асырды.

Апатқа ұшыраған Boeing әуе кемесінің (фюзеляжы мен қозғалтқыштары) жалпы шығыны шамамен $120 млн құрайды. «Евразия» СК авиациялық тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары аясында өз жауапкершілік үлесіне сәйкес алғашқы төлемді жүзеге асырды. Бүгінгі таңда «Евразия» СК осы сақтандыру оқиғасы бойынша шамамен 162 млн теңге көлемінде резерв қалыптастырды.

«Бұл қайғылы оқиғаға Қазақстанда ерекше көңіл бөлінді, өйткені жуырда еліміз алғашқы «Дримлайнерлерді» пайдалануға енгізуді бастайды. Апат болған алғашқы күннен бастап біз үндістандық әріптестермен байланыстамыз. Әуе лайнерлерінің қатысуымен болатын авиациялық оқиғаларды тергеу – өте күрделі әрі көп еңбекті қажет ететін процесс, себебі ол апат себептерін анықтауды және келтірілген шығынды, соның ішінде қаза тапқандардың туыстарына тиесілі өтемақыларды бағалауды талап етеді. Біз қажетті құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін төлемді жүзеге асырдық», – деп түсіндірді «Евразия» СК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Самат Қабдолов.

Сондай-ақ әуе тасымалдаушысының үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігі, яғни зардап шеккендер, қаза тапқан жолаушылардың туыстары және ұшақ құлауының кездейсоқ құрбандары алдында өтемақы төлеу тәуекелі де қайта сақтандырылған. 1999 жылғы халықаралық әуе тасымалы ережелері туралы Монреаль конвенциясына сәйкес, Үндістан аумағында әрбір қаза тапқан адам үшін 128 821 SDRs[1] (Special Drawing Rights) мөлшерінде, яғни шамамен $184 мың көлемінде өтемақы төлеу белгіленген. Сонымен қатар, конвенция жоғалған жүк үшін келтірілген шығынды да өтейді.

Еске сала кетсек, Boeing 787-8 Dreamliner ұшағының бортында 230 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған, олардың ішінен тек бір жолаушы ғана аман қалды. Ұшақтың тұрғын аудандарға құлауы салдарынан жерде болған 19 адам қаза тауып, тағы 67 адам жарақат алды.

Бұл 2011 жылғы қазан айында коммерциялық пайдалануға берілгеннен бері Dreamliner әуе кемелері тобының алғашқы апаты. VT-ANB тіркеу нөмірімен әуе лайнері Boeing 787 моделінің алғашқы ұшақтарының бірі болған және Air India әуе паркінің құрамына 2014 жылдың басында қосылған.

Қазіргі уақытта Үндістанның Азаматтық авиацияның бас директораты апаттың себептерін тергеуді аяқтау үстінде. Тергеу нәтижелерін оқиғаның бір жылдығына, яғни 2026 жылғы 12 маусымға дейін жариялау жоспарланып отыр.

«Евразия» СК әлемнің ірі әуе компаниялары қатысатын халықаралық қайта сақтандыру бағдарламаларына тұрақты түрде қатысып келеді, соның ішінде Үндістанда да, және бірнеше рет сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған. Мәселен, 2020 жылы Кожикоде қаласында Air India Express әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-700 ұшағының қатысуымен әуе апаты орын алды. Осы оқиға бойынша Қазақстан компаниясының жауапкершілік үлесіне сәйкес төлем көлемі шамамен 50 миллион теңгені құрады. 2006 жылдан бері халықаралық авиациялық оқиғалар бойынша «Евразия» СК жалпы төлем көлемі $6,1 млн құрады.


[1] 1 SDRs = $1,43


kapital.kz– 20.05.2026 - https://kapital.kz/finance/148289/za-razbivshijsya-v-indii-boeing-787-zaplatila-strahovaya-kompaniya-iz-kazahstana.html

nationalbusiness.kz – 20.05.2026 - https://nationalbusiness.kz/news/za-poterpevshiy-krushenie-dreamliner-v-indii-zaplatila-kazahstanskaya-kompaniya-6200a3/

dknews.kz– 20.05.2026 - https://dknews.kz/ru/finansy/393412-za-razbivshiysya-v-indii-boeing-zaplatila-strahovaya

prodengi.kz – 20.05.2026 - https://prodengi.kz/post/za-razbivsiisya-v-indii-boeing-787-zaplatil-otecestvennyi-straxovshhik

24.kz – 20.05.2026 - https://24.kz/ru/news/social/769624-za-razbivshijsya-v-indii-boeing-787-zaplatila-strakhovaya-kompaniya-iz-kazakhstana

insur-info.ru  – 20.05.2026 - https://www.insur-info.ru/pressr/92521/

asn-news.ru – 21.05.2026 - https://www.asn-news.ru/news/92019





Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!