$APPLICATION
2024 ж. 20 тамызы, Астана қ. – 8 тамызда Астана қаласында өткен қатты бұршақтан кейін автомобиль көлігі иелеріне келтірілген жиынтық мүліктік залал 4,5 млрд теңгеден асуы мүмкін, деп есептеді «Евразия» сақтандыру компаниясының мамандары. Сонымен қатар, зардап шеккен автомобильдердің саны едәуір өсті – 8 мыңға дейін.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, бұршақтың салдарынан зардап шеккен көлік құралдарының болжамды саны 5 мыңнан 8 мың бірлікке дейін өсті. Бұл ретте КАСКО ерікті автосақтандырумен, оның ішінде бұршақ салдарынан болған залалды өтеумен зардап шеккендердің жалпы санынан 10% - дан аспайтын немесе 800 автомобиль қамтылған.
«Өткен аптаның басында КАСКО шарттары бойынша сақтандырылушылардың өтініштерінің саны күрт өсті. Несиеге сатып алынған көптеген автокөлік иелері олардың сақтандыруы бұршақ салдарынан болған зиянды өтейтінін білмеді», – деп «Евразия» СК баспасөз қызметінде өтініштер санының артуы туралы түсініктеме берді.
Бұршақ жауғаннан кейінгі он күн ішінде КАСКО ерікті автосақтандыру шарттары бойынша «Евразия» СК сақтандыру төлемдерін алу үшін 160-тан астам автокөлік иесі, оның ішінде заңды тұлғалар жүгінген. Бағалау жүргізілген сақтандырылған автомобильдерге келтірілген залалдың орташа мөлшері шамамен 1 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, КҚИ АҚЖ МС міндетті автосақтандыру полистерінің иелерінен компанияның байланыс орталығына залалды реттеу мәселелері бойынша кеңестер мен түсініктемелер алу үшін төрт жүзден астам қоңырау келіп түсті.
Әдетте, КАСКО шарттары аясында негізінен несиеге сатып алынған және автосалондарда кепілдіктерде тұратын жаңа автомобильдер сақтандырылады. Мұндай автомобильдер бойынша қосалқы бөлшектер мен жөндеу құны, ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 68% - ы 10 жылдан асқан, орташа статистикалық қазақстандық автомобильге қарағанда едәуір жоғары.
Естеріңізге сала кетейік, бұршақ КҚИ АҚЖМС міндетті автосақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы болып табылмайды. КАСКО ерікті автосақтандыру полисі жоқ жүргізушілер көлік құралдарын өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болады.
Байланыс үшін:
«Евразия» СК баспасөз қызметі
Тел.: +7 (727) 258 43 36
E-mail: press@theeurasia.kz
Астанадағы бұршақ салдарынан автокөлік иелеріне келтірілген мүлік залалы 4,5 млрд теңгеден асуы мүмкін - KAZ.NUR.KZ, 20.08.2024
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.