$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Астанадағы бұршақ салдарынан кем дегенде 5 мың автомобиль зардап шекті

13.08.2024

13 тамыз 2024 ж., Астана қ.. – Өткен аптада Астанада өткен күшті бұршақтың нәтижесінде «Евразия» сақтандыру компаниясы мамандарының алдын ала бағалауы бойынша, әр түрлі дәрежеде кем дегенде 5 мың көлік құралы зақымданды. Бұл ретте, КАСКО ерікті автосақтандыру бағдарламалары шеңберінде автокөліктері сақтандырылған зардап шеккендер ғана сақтандыру төлеміне сенім арта алады.

Бұршақ жауғаннан кейінгі үш күн ішінде «Евразия» СК-на зақымдалған автомобильдердің иелерінен алпыстан астам өтініш, сондай-ақ КАСКО бағдарламалары бойынша сақтандырылған заңды тұлғалардан сегіз өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер тіркелді, мамандар келтірілген залалды бағалау және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша жұмысты бастап кетті.

«Ағымдағы қарқынды ескере отырып, біз зардап шеккендерден жүзден астам өтініш түседі деп күтудеміз. Көлік иелерінің хабарлауынша, ең көп таралған зақымдар – шатырдағы, капоттағы және жүксалғыштағы майысқан жерлер, сондай – ақ алдыңғы және артқы әйнектердегі жарықтар", – дейді «Еуразия» СК баспасөз қызметі.

2023 жылы ерікті автосақтандыру жаңа шарттардың айтарлықтай өскенін көрсетті - нарық 2022 жылмен салыстырғанда екі еселенген өсімді көрсетті, және сыйлықақыларды жинау бойынша (120 млрд теңгеден астам) КҚИ АҚЖ міндетті автосақтандырудан бірінші рет озып кетті (115 млрд теңгеден астам). Алайда, осындай айтарлықтай өсімге қарамастан, КАСКО полистерімен елдің автопаркінің 5% – дан аспайтын мөлшері ғана қамтылған. Астанада КАСКОНЫҢ енуі Қазақстан бойынша орташа деңгейден жоғары, бұл ретте полистердің басым көпшілігі үш жастан аспайтын автомобильдерге тиесілі.

Алдын ала бағалаулар бойынша, бұршақтан зардап шеккен автокөлік иелерінің жалпы санынан КАСКО шарттары бойынша 500-ден аспайтын көлік құралдары немесе зардап шеккендер санының шамамен 10% сақтандырылған.

Сондай-ақ бұршақтан кейінгі бірінші күні «Евразия» СК колл-орталығына КҚИ АҚЖ міндетті автосақтандыру полистерінің иелерінен екі жүзге жуық өтініш келіп түсті. Алайда, мұндай автосақтандыру шарттарында сақтандырылушының кінәсінен ЖКО-дан зардап шеккен үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін, өмірі мен денсаулығын қорғау ғана көзделген.

Байланыс үшін:

«Евразия» СК баспасөз қызметі

Тел.: +7 (727) 258 43 36

E-mail: press@theeurasia.kz


Астанадағы бұршақ салдарынан кем дегенде 5 мың көлікке зақым келген - KAZ.NUR.KZ, 13.08.2024



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!