$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Климаттық апокалипсистің салт аттылары. АҚШ тарихындағы ең жойқын дауылдарға Қазақстанның көзқарасы

04.12.2023

Адамдардың көпшілік бөлігінің таңы ауа райы болжамынан басталады. Ғалымдарға болжам жасауға көмектесуге бағытталған тұтастай институттардың және Жер орбитасында орасан зор спутниктер топтарының болуына қарамастан, ауа-райы тосын сыйлар әкелуін тоқтатпайды, және барлығы бірдей жағымды емес.

Бірнеше апта бұрын Қазақстанның солтүстік және орталық бөлігінде дауылды жел соғып өтті – бұл біздің жерлерімізге тән емес табиғи құбылыс. Азаматтар мен бизнес табиғи апаттардан сақтандырылуға дағдыланбаған, соған қарамастан «Евразия» СК-на қырық шақты өтініш алып үлгерді.

«Евразия» СК коммерциялық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламаларына тұрақты түрде қатысатын АҚШ-та дауылдар анағұрлым көп қиыншылықтар тудырады. Жыл сайын тропикалық циклондар осы аймақтың инфрақұрылымы менмүлкіне миллиардтаған доллар зиян келтіреді, кей кезде залалдардың құны жүздеген миллиардтан асады.

Тынымсыз жел құдайы

Тропикалық циклондар, немесе дауылдар жылы экваторлық суларда буланудың және олардың кейінгі конденсациясының салдарынан пайда болады, осылайша энергияның орасан зор мөлшерін бөліп шығарады. Бұл процесті ғалымдаркөп жылдар бойы белсенді түрде зерттеп келеді, бірақ әлі де толығымен түсінікті емес. Дауылдар нөсермен, қатты желмен, дауылды толқындармен, тіпті кей кезде құйындармен қатар жүреді. Барлық осы табиғи құбылыстар, болжауға қиын болмайтындай, мүлікке залал келтіреді.

Америкада тропикалық циклондарды дауылдар деп, немесе Hurricane, майялардың жел құдайы Хураканның атымен атайды. Ежелгі майя үндістерінің пікірі бойынша, дәл сол құдай алдымен әлемді, содан кейін адамзат баласын жаратқан.

Атлантикалық циклондар Кариб бассейнінде басталып, АҚШ жағалауына қарай ауысады. Қозғалыс барысында дауыл күш алуы мүмкін немесе, керісінше, біртіндеп бәсеңдеуі мүмкін. Бұл процесті, саусақтарын айқастыра отырып, метеорологтар мен сақтандырушылар бақылап отырады. Атлантикада дауылдар маусымы маусым айында басталып, қарашада аяқталады.

Ғалымдар тропикалық циклонның күшін анықтауға арналған бірнеше шкала әзірледі. АҚШ-та Саффир-Симпсон шкаласы қолданылады, оның желдің күшіне байланысты бес санаты бар. Бесінші санаты ең күшті болып табылады және әрқашан аймақта төтене жағдайдың жариялануымен және міндетті эвакуациялаумен қатар жүреді. Тіпті екінші санаттағы дауыл да үлкен шығын келтіруі мүмкін – барлығы зілзала өтетін агломерацияның көлеміне және қоныстану тығыздығына байланысты.

Апокалипсистің сал аттыларына арналған нәзік есімдер

Катрина, Мария, Ирма, Ида, Сэнди – өте әдемі есімдер, және сонымен бірге соңғы он жылдағы ең қауіпті және жойқын дауылдардың атаулары.

Метеорологтар дауылдарға өз есімдерін беруді ұнатады, бірақ атауларды жайда-жай бере салмайды - алфавиттік көрсеткіші бар тұтастай каталог бар. Кішігірім күші бар дауылдардың атаулары қайтадан қолданыла береді, ал жойқын және өлімге алып келетін дауылдар алынады және өзінің соңғы атауымен мәңгілікке бекітіледі. Бір қызығы, бұрын дауылдарға тек әйел адамдардың есімдері берілетін, тек 1979 жылы ғана гендерлік әділетсіздікке түзету енгізілді. Бірақ оның себебі жыныстар теңдігі үшін күрес емес, әйелдер есімінің жетіспеуінде болды.

Мүліктік шығын тұрғысынан АҚШ-тың бүкіл тарихындағы ең жойқын дауыл 2005 жылы АҚШ жағалауын басып, Канаданың шығысына дейін жеткен бесінші санаттағы «Катрин» дауылы болып табылады. Луизиана штаты, атап айтқанда Жаңа Орлеан ең көп зардап шекті, бөгет жарылып, қала іс жүзінде толығымен дерлік су астында қалды. Одан басқа, Миссисипи және Флорида штаттары, сонымен қатар Багам аралдары мен Куба айтарлықтай зардап шекті. Жалпы экономикалық залал $125 млрд асты (немесе инфляцияны есепке ала отырып $195 млрд астам), 1,8 мыңнан астам адам қаза тапты. Сонымен бірге, «Катрина» Жаңа Орлеанның су тасқынының салдарын тиімді түрде жоя алмаған және қауіпті дұрыс бағалай алмаған президент кіші Джордж Буш пен оның әкімшілігінің рейтингтерін жойды.

Келтірілген залалдың мөлшері жағынан екінші 2017 жылғы «Харви» дауылы болды, бұл ретте метеорологтар оған тек төртінші санатты берді. Келтірілген шығын көлемі $125 млрд құрады, зілзаланың негізгі соққысы американдық Хьюстон қаласына түсті. Кариб бассейніндегі шағын мемлекеттер қатты зардап шекті: Барбадос, Суринам, Гайана, сонымен қатар Сент-Винсент және Гренадиндер. Айтпақшы, сол жылы Мексика шығанағында тағы екі ірі дауыл болды, «Ирма» және «Мария», АҚШ экономикасына тиісінше $91 млрд және $77 млрд шығын келтірді. Сақтандырушылар арасында бұл үш дауыл HIM (Harvey-Irma-Maria) аббревиатурасымен жақсы танымал. HIM зардаптарын жоюға «Евразия» СК қазірдің өзінде $37 млн төледі.

Тарихта үшінші

Өткен жылы Флоридада «Иэн» дауылы болып, 130-дан астам адамның өмірін қиды. Бағаланған шығын $113 млрд асты - бұл бүкіл тарихтағы көлемі жағынан үшінші. Нөсер жауын мен дауыл салдарынан бірнеше қала су астында қалды, 2 миллионнан астам адам жарықсыз қалды, ал куәгерлер жағалау аймағында болған бірнеше торнадоны байқады.

Флорида Гавай және Калифорниямен қатар барлық американдықтардың сүйікті курорттық демалыс орны болып табылады. Бұл жерде конақүйлер мен олармен байланысты инфрақұрылымның орасан зор мөлшері, сонымен қатар медициналық орталықтар мен элиталы қарттар үйлері орналасқан.  

«Иэн» бірқатар коммерциялық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламаларына қатысқан «Евразияны» да айналып өткен жоқ. Біз ірі жылжымайтын мүлік иелерінен бес өтініш алдық – Host Hotels, Greystar Real Estate, Comcast Corporation, HCA Healthcare және Hilton Grands Vacations – және $18 млн астам жалпы сомаған төлемдер жасап үлгердік. Қонақ үйлер, ауруханалар және Орландодағы Universal әйгілі әмбебап тақырыптық ойын-сауық саябағы зардап шекті. Бір жыл өтсе де, жаңа төлемдер жасауға құжаттар алуды жалғастырып келеміз.

Тырманы басудың не керегі бар

Дауылдар, оның артынан су тасқындары АҚШ-тың оңтүстік-батысында жиі болғаны сонша, федералдық үкіметке Ұлттық су тасқынынан сақтандыру бағдарламасын, немесе National Flood Insurance Program (NFIP) іске қосуға тура келді.

Бағдарламаның іске қосылуына 1965 жылғы 165 мыңнан астам үй шаруашылығына зиян келтірген Бетси дауылы себеп болды, ал зардаптарды жою шығындарын үкімет өз мойнына алуға тура келді. Шындығында, үнемі болатын дауылдардың салдарынан АҚШ оңтүстік-шығысында мүлікті сақтандыруда дағдарыс орын алды. Сақтандыру компаниялары белгілі бір аудандарда жұмыс істеуден бас тартты немесе сақтандыру тарифтері халық үшін қолжетімсіз болды.

Үш жыл өткеннен кейін Конгресс су тасқынынан сақтандыру туралы заң қабылдады, содан кейін NFID бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаның шеңберінде дауыл мен су тасқынынан мүлікті сақтандыру бойынша актуарлық есептеулер жүзеге асырылады, ал тәуекел деңгейі жоғары аймақтардағы сақтандыру тарифтерін мемлекет субсидиялайды.

Орасан зор тәуекелдерге қарамастан, бүкіл әлемдегі сақтандыру компаниялары АҚШ-тағы дауылдар мен су тасқынынан қайта сақтандыру бағдарламаларына қатысуды жалғастырып келеді. Жиналған сыйлықақылардың көлемі тым тартымды болып қала береді және ұзақ кезеңдегі шығындарды жабады.

Жаһандық климаттық өзгерістер 5-ші санаттағы дауылдардың жиілігін тек АҚШ-та ғана ұлғайтуды жалғастырып жатқан жоқ, демек, сақтандырушылардың шығынын арттыруды жалғастыруда. Картада Хуракан бұрын-соңды көрмеген жерлер көбейіп келеді, ал метеорологтардың каталогында атаулар барған сайын азайып барады.

Адам қызметінің климатқа әсері жылдан-жылға артып келеді, мұны табиғи апаттар санының өсуі ғана емес, сақтандыру төлемдерінің көлемі де көрсетеді. Болашақта бізге де Қазақстанда табиғат көптеген күтпеген тосын сыйлар жасайтынына дайындалуымыз керек.

 



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!