$APPLICATION
12 қыркүйек 2023 ж., Алматы қ. – «Евразия» сақтандыру компаниясы Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен кейін зардап шеккендерге төлем жасауды әлі жалғастырып келеді. Бүгінде қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша €9,97 млн немесе 4,865 млрд теңге төлем жасалды.
Шығындарды төлеуге арналған резерв €9,32 млн, немесе 4,655 млрд теңгені құрайды. Осылайша, «Евразия» сақтандыру компаниясының үлесі 9,5 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін.
Түркияда жер сілкінісінен міндетті сақтандыру бағдарламасы (TCIP) бар, оған сәйкес азаматтар өздерінің тұрғын үйлерін сақтандыру үшін жыл сайын жарна төлеуге міндетті. Орташа жылдық міндетті төлем 300 түрік лирасын немесе жылына 12 долларды құрайды. Алайда Түркияның зардап шеккен аймақтарындағы үйлердің жартысы ғана сақтандырылған.
«Евразия» СК қайта сақтандырушы ретінде (TCIP) міндетті сақтандыру бағдарламасына да, тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламаларына да қатысады. Тек міндетті сақтандыру бағдарламасы бойынша мәлімделген шығын көлемі $2 млрд-тан асты. Төлемдерді сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары бірнеше жыл ішінде жүзеге асырады деп күтілуде.
«Қайта сақтандыру компаниялары, соның ішінде біз түрік жер сілкінісінен зардап шеккендерге – азаматтар мен бизнеске көмектесетін сақтандыру төлемдерін жүргізуді жалғастыруда. Тұрғын үйді сақтандырудың міндетті бағдарламасының арқасында Түркия халқы экономикалық салдарды тезірек жеңе алады. Біз жер сілкінісінен жапа шеккендерге төлемдер жасау бірнеше жыл бойы жалғасады деп болжап отырмыз» – деп айтты «Евразия» сақтандыру компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары Нұрмұхамед Төлбаев.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен он бір аудан жапа шекті. Апаттың салдарынан 50 мыңнан астам адам қаза болып, 107 мың адам жарақат алды, көпшілігі әлі күнге дейін із-түссіз жоғалғандар қатарында. Жер сілкінісінен зардап шеккендер шамамен 13,5 млн адам. Түрік сақтандыру компанияларына жылжымайтын мүлігі зақымданған адамдардан жарты миллион өтініш келіп түскен. Түркия үкіметінің бағалауынша, жер сілкінісінен тікелей және жанама залал $103,6 млрд немесе ЖІӨ-нің шамамен 9% құрады.
Өткен аптада Мароккода Марракештен 70 км қашықтықта 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Ресми мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің саны 2,7 мың адамға жетті және әрі қарай өсіп жатыр, 2,5 мың адам түрлі дене жарақатын алған. Құтқарушылар үйінділерді қарауды жалғастырып жатыр. БҰҰ-ның алдын-ала бағалауы бойынша, Марракеште және оның айналасында жер сілкінісі салдарынан 300 мыңнан астам адам зардап шеккен.
Айта кетейік, Алматыда өткен бірінші сақтандыру форумында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова: «Жаһандық бағыттардың бірі елімізде апатты тәуекелдерден сақтандыру жүйесін құру болуы тиіс. Бұл табиғи апаттардың салдарын барынша азайтуға, халық пен бизнестің қаржылық шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Сақтандыру нарығымен тиісті жұмыс басталып кетті», - деп айтты.
«Евразия» СК апатты тәуекелдерден қайта сақтандыру бағдарламаларына қатысуда көп жылдық тәжірибесі бар. Компания бүкіл әлем бойынша жер сілкінісі, су тасқыны және дауылдан зардап шеккендерге миллиардтаған төлемдер жасады.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.