$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

AM Best «Евразия» Сақтандыру компаниясының рейтингін «B++» деңгейінде растады

25.08.2023

Халықаралық AM Best агенттігі «Евразия» сақтандыру компаниясының қаржылай тұрақтылық рейтингін «B++» деңгейінде және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «тұрақты» болжамымен «bbb+» деңгейінде растады. «Евразия» сақтандыру компаниясы AM Best бойынша сақтандыру компаниялары ішіндегі ең жоғары көрсеткішті сақтап қалды.

Рейтинг «Евразия» сақтандыру компаниясының қаржылай тұрақтылығын көрсетеді. AM Best компанияның жоғары операциялық көрсеткіштерін, теңгерімді портфолиосын және жоғары капиталдандыруын жеткілікті деңгейде бағалады.

«Евразия» СК өзінің артықшылығын, оның ішінде халықаралық қайта сақтандыру есебінен тәуекелдерді географиялық әртараптандыру жолымен қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның сақтандыру нарығында басым рөл ойнайды.

«Евразия халықаралық қайта сақтандыру және жергілікті сақтандыру нарығында сенімді позицияға ие. Рейтинг агенттігі компанияның корпоративтік тәуекелдерді дұрыс басқаруды және макроэкономикалық жағдайлардың әсеріне қарсы тұру үшін компанияның андеррайтерлік саясатынан хабардар және оны жоғары бағалайды», - деп айтты «Евразия» Сақтандыру компаниясының Басқарма Төрағасы Қайрат Шегебаев.

«Евразия» СК қайта сақтандыру нарығында шетелдік азаматтардан 51 млрд теңге сыйақы жинап, аталған нарықтың 86,71% көрсетті. Тәуекелдер географиясы негізінен компания ұзақ уақыт бойы серіктес болып келе жатқан АҚШ, Үндістан және Ұлыбритания елдерін қамтиды.

ҚР Ұлттық Банкі мәліметі бойынша, осы жылдың алғашқы жартысында «Евразия» сақтандыру компаниясының активтері 477 млрд теңгеден асып, жалпы сақтандыру нарығының 36%-ын құрады. Компания жарты жылда 212 млрд теңге немесе 32% сақтандыру сыйақысын жинап, 45 млрд теңге немесе барлық төлемдердің 25%-ын жүзеге асырды. Таза сақтандыру сыйақысын жинау бойынша нарықтың 40%-ын қамтиды.

Айта кетейік, S&P агенттігі «Евразия» сақтандыру компаниясының рейтингін «Тұрақты» болжамымен BBB деңгейінде растаған болатын. Осылайша, компания ТМД елдері сақтандыру компаниялары ішінде ең жоғары және Қазақстан Республикасының дербес рейтингінен бір саты жоғары көрсеткішке ие.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!