$APPLICATION Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Евразия» СК автобустың қатысуымен орын алған ЖКО-нда зардап шеккен баланың отбасына жедел сақтандыру төлемін жүзеге асырды

13.06.2025

2025 ж. 13 маусымы, Алматы – Астана. – Сақтандыру компаниясы Астанада орын алған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен баланың отбасына тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында 19,66 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Автопарктің жауапкершілігі «Евразия» СК сақтандырылған.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға ұзақ мерзімді емдеу мен оңалту, кейіннен протездеу қажет болатынын ескере отырып, сондай-ақ ілеспе шығындарды жедел өтеу мақсатында, Сақтандыру компаниясы заңнамада белгіленген қажетті құжаттар топтамасын, соның ішінде мүгедектік туралы анықтаманы алғанға дейін, сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде балаға мүгедектік берілген жағдайда, сақтандыру төлемінің мөлшері 5 000 АЕК құрайды, бұл 19 660 000 теңгеге тең.

Қазақстанда мүгедектік туралы анықтама алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту қажет, бұл айтарлықтай уақытты қажет етеді. Барлық қажетті растайтын құжаттар түсуіне қарай төлем ісіне қоса тіркелетін болады.

Сақтандыру жағдайынан кейін «Евразия» СК жедел желі ұйымдастырылды, оған ЖКО салдарынан зардап шеккен автобус жолаушылары немесе олардың өкілдері хабарласты. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандыру төлемдерін алу тәртібі туралы барлық қажетті түсіндірмелер мен консультациялар берілді.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!