$APPLICATION Жаңалықтар

Жаңалықтар

Астанада ЖКО зардап шеккен автобус жолаушылары сақтандыру төлемдеріне жүгіне алады

03.06.2025

2025 жылғы 3 маусым, Алматы-Астана. – Автобустың бағанаға соғылуынан зардап шеккен жолаушылар сақтандыру компаниясынан төлемдер ала алады. Автобус жүргізушісі "Евразия" СК-да тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде сақтандырылған.

2 маусым күні кешке Астанада Республика даңғылы бойынша Ташенов көшесіне қарай №10 маршрут бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі басқа алмай және ақпараттық баннердің металл тірегімен соқтығысуға жол берді.

Қазіргі уақытта ЖКО салдарынан 15 жолаушы зардап шеккені белгілі, олардың ішінде алты бала, барлығы әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді. Үш зардап шеккен адам ауруханада ауыр жағдайда жатыр, оның ішінде екі аяғын тізеден төмен ампутациялау операциясы жасалған бала.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заң бойынша еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуды қоса алғанда, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян сақтандыру өтелуіне жатады.

Мүгедектік алған кездегі сақтандыру төлемдерінің мөлшері:

●        I топ-5 000 АЕК немесе 19,6 млн теңге;

●        II топ-3 500 АЕК немесе 13,7 млн теңге;

●        III топ - 2 500 АЕК немесе 9,8 млн теңге;

●        Бала топқа қарамастан-5 000 АЕК немесе 19,6 млн теңге.

Бұдан басқа, зардап шеккендер амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге жұмсалатын нақты шығындардың 200 АЕК-тен немесе 786 мың теңгеден аспайтын мөлшерде өтелім ала алады. Денсаулыққа келтірілген залалдың мөлшері медициналық ұйым берген құжаттар мен емделуге кеткен төлем құжаттарының негізінде айқындалады.

Сондай-ақ, жолаушы қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы адамдарға (кәмелетке толмаған балаларға, әрекетке қабілетсіз немесе қарт ата-аналарға) 5 000 АЕК немесе 19,6 млн теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі көзделген.

Зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелері сақтандыру төлемдерін алу бойынша кеңес алу үшін Астанадағы жедел желі телефоны арқылы жүгіне алады: +7 7172 92-51-49 (ішкі 4322), +7 727 258-43-36 (ішкі 4322) немесе электрондық мекенжай бойынша: ServiceCenter@theeurasia.kz. Зардап шеккендерді немесе олардың ресми өкілдерін компанияның Астана, Тұран даңғылы, 42 мекенжайындағы кеңсесінде кезексіз қабылдайтын болады.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!