$APPLICATION
Сақтандыру компаниялары Түркиядағы бірқатар жойқын жер сілкіністерінен кейін бүлінген ғимараттар туралы 400 мыңнан астам өтініш алды.
«Евразия» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Борис Уманов апат түрік сақтандырушылары үшін бұлтартпастай бола ма және жаһандық қайта сақтандыру нарығына қалай әсер ететінін айтты.
Барлық қауым болып төлейді
Бүгінгі таңда түрік сақтандырушылары қираған және бүлінген тұрғын үйлердің иелерінен төлемдерді жүзеге асыруға арналған 416 мыңнан астам өтініш алды. Олардың саны үнемі өсіп келеді, бірақ қабылдау қарқыны төмендеп келеді.
Өтініштердің құрылымы қазіргі күні келесідей болып көрінеді: 22 мыңға жуық үй иеліктері толығымен қираған; 27 мыңы ауыр ретінде жіктелген айтарлықтай зиян алған; 36 мыңы – орта дәрежедегі зиян; басым көпшілігі, немесе 330 мыңы жеңіл зақым алған және оларды қалпына келтіруге болады.
Түрік сақтандыру компанияларымен қазіргі кезеңде барлық өтініштердің 10%-дан сәл астамы өңделді, ал төлемдер туралы талаптар әлемнің түкпір-түкпірінен - АҚШ пен Еуропадағы, Латын Америкасы мен Азиядағы, оның ішінде біздегі - Қазақстандағы компанияларға берілді. Әзірге барлығы $340 млн төленді, және бұл тек бастамасы ғана.
Жақын күндері ғана біз €1,12 млн (немесе 551 млн теңге) мөлшерінде кезекті төлем жасадық. Осылайша, тек наурыз айында ғана біз €2,3 млн (немесе 1,1 млрд теңге) төледік, бірақ әлі де көп және ұзақ төлеуге тура келеді. «Евразия» сақтандыру компаниясының қатысу үлесі €13,2 млн-нан айтарлықтай асады деп нақты айтуға болады.
Сақтандырылған шығындардың мәлімделген көлемі қазірдің өзінде $2 млрд-тан асады - бұл тек жер сілкінісінен сақтандырудың міндетті бағдарламасы бойынша ғана. Коммерциялық және премиум жылжымайтын мүлікті, кәсіпорындар мен олардың жабдықтарын, сондай-ақ өндірістегі үзілістен болатын зиянды қамтитын ерікті сақтандыру бағдарламалары тағы бар. Мұнда сақтандырушылар мен қайта сақтандырушыларға төленетін ондаған миллиард доллар туралы айтуға болады.
Президент Ердоған жыл барысында зардап шеккен аудандарда 500 мың тұрғын үй салуға уәде берді. Сондықтан сақтандыру төлемдері өте тез жүзеге асыру қажет болады.
Әдетте, сақтандыру жағдайы басталған кезде осындай мөлшерде залал болған кезде, алғашқы төлемдерге дейін ең жақсы жағдайда бір жыл өтеді. Алғашқы төлемдер өте тез - бір айдан кейін өте бастады. Түрік әріптестер төтенше жағдайларда өте жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеуге қабілетті болып шықты.
Түркияда болған жерсілкінісі сақтандырушыларға қалай әсер етеді? Иә, олар шығынға ұшырайды, бірақ менің ойымша, олар банкротқа ұшырамайды. Жер сілкінісі – бұл компаниялар үнемі төлем жасайтын стандартты тәуекел.
Барлық шығындар ақшамен өлшенбейді
Егер материалдық шығынның орнын толтыруға болатын болса, онда адам шығыны - түрік қоғамына ондаған жылдар бойы әсер ететін ауыр трагедия.
Жерсілкінісінің нәтижесінде он провинция және оларда тұратын адамдар қатты зиян шекті: Кахраманмараш, Адыяман, Диярбакыр, Малатья, Килис, Хатай, Газиантеп, Адана, Шанлыурфа және Осман. 40 мыңнан астам халқы бар Нурдагы қаласы жер бетінен толығымен жойылды.
Түркияда барлығы 85 миллион адам тұрады, оның 13,5 миллионы, немесе 15,8 %-ы, апат құрбаны болды – 50 мыңнан астамы ресми түрде қайтыс болды, көпшілігі хабар-ошарсыз кетті, қалғандары баспанадан, жұмыстан айырылды, өркениеттің қарапайым игіліктеріне қол жеткізе алмай қалды. Бұл қорқынышты сандар мен қорқынышты салдарлар.
Түркияда жерсілкінісінен ең дамыған аймақ зардап шеккен жоқ, дегенмен оның экономикасына салдары әлі көптеген жылдар бойы сезілетін болады. Тікелей ұқсастықтар келтіргім келмейді, бірақ Алматы Қазақстанның ең сейсмикалық қауіпті аймағында орналасқан, қалада және оның агломерациясында 3 млн-нан астам адам немесе ел халқының 15,8%- ы тұрады. Бұл ретте Алматы - қаржы орталығы және республикалық бюджеттің ірі доноры.
Жерсілкінісі кезінде кез-келген мүлікті сақтандыруға және төлем алуға болады, халықаралық қайта сақтандыру нарығы кез-келген тәуекелді сіңіреді. Бір нәрсе айқын: бәрімізге жоспар керек – апаттан кейін не істеу керек.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.