$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

БҚО-да тікұшақтың апатқа ұшырағаны үшін «Евразия» СК төлейді

24.02.2023
2023 ж. 24 ақпаны,  Алматы қ. – ТЖМ «Қазавиақұтқару» Ми-8  АМТ  тікұшағының апатқа ұшырағаны үшін сақтандыру төлемдерін «Евразия» сақтандыру компаниясы жүзеге асыратын болады. Тікұшақ «Евразия» сақтандыру компаниясында әуе көлігін және әуе көлігі иелерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру  шарты бойынша сақтандырылған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысындағы ашық аумақта Орал қаласынан 54 шақырым жерде қатты боран салдарынан ТЖМ «Қазавиақұтқару»  Ми-8 АМТ тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған. Тікұшақ «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды айналып  ұшып өтуді жүзеге асырған. Апат кезінде бортында бес экипаж мүшесі және бір жолаушы болған. Әуе кемесі айтарлықтай зақымданған.

ТЖМ «Қазавиақұтқарудың» төрт қызметкері қаза тапқаны туралы хабарланды. Зардап шеккен екі адам медициналық мекемелерге жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалайды.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша барлық қажетті тергеулер жалғасуда. «Евразия» сақтандыру компаниясы мемлекеттік органдардың сақтандыру жағдайының мән-жайлары туралы құжаттары мен қорытындыларын алғаннан кейін сақтандыру төлемдерін дереу жүзеге асырады.

«Евразия» СК қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және осы қайғылы оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.

БҚО-да тікұшақтың апатқа ұшырағаны үшін  «Евразия» СК төлейді - HalyqUni, 24.02.2023
БҚО-дағы тікұшақ апаты: сақтандыру төлемақысын «Евразия» СК төлейді - saigez.kz, 24.02.2023


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!