Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Жылқы табынымен соқтығысқан автобус жолаушыларына «Евразия» СК 49 миллион теңге төледі

11.01.2023
Қазақстанда жыл сайын 30-дан астам адам малмен соқтығысқан жол апатынан қайтыс болады

Автобустың тас жолға шығып кеткен бір табын жылқымен соқтығысуы салдарынан болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушыларға «Евразия» СК 49 миллион теңгеге жуық қаражат төледі. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі "Евразияда" сақтандырылды, соның арқасында зардап шеккендер заңда көзделген төлемдерді алды.

Оқиға Түркістан облысында «Алматы – Ташкент» халықаралық бағытында орын алды. Mercedes-Benz Sprinter жолаушылар автобусы тұрақты рейсіне қатынап келе жатқанда, таңғы сағат 3:30-да бір табын жылқылар жолға шығып кетеді. Соқтығысты алдын ала алмаған жүргізуші бірнеше жануарды қағып кетіп, нәтижесінде автобусқа айтарлықтай зиян келтіріледі, ал кейбір жолаушылар ауыр жарақат алады.

Оқиға кезінде автобуста 17 жолаушы болған, олардың бесеуі жарақат алды: төртеуіне ауырлығына қарай әр түрлі топтағы мүгедек деген диагноз қойылды, ал бір адам алған жарақатынан қайтыс болды. Емделу мен тиісті коммисия мүгедектікті анықтағаннан кейін зардап шеккендер сақтандыру төлемдерін алу үшін «Евразия» СК-на жүгінген.

"Мал иелерінің өз жануарларын қараусыз қалдыруынан болатын жазатайым оқиғалардың жыл сайын артып келе жатқанын атап өту керек. Қалааралық жүрдек жолдардағы мұндай апаттардың салдары әрқашан қорқынышты, - дейді "Евразия"СК атқарушы директоры Нұрмұхамед Төлбаев. "Бұл өткен жылы автобус жолаушылары зардап шеккен бір ЖКО салдарынан сақтандырудың осы түрі бойынша ең ірі төлем болды". 

Барлығы 2022 жылы «Евразия» СК тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру аясында 113,5 миллион теңгеден астам төледі.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңға сәйкес, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуды қоса алғанда, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян сақтандыру өтелуіне жатады.
2023 жылдың 1 қаңтардан бастап жолаушы мүгедектік алған кезде мынадай мөлшерде сақтандыру төлемдері көзделген: I топ-17 250 000 теңге (5 000 АЕК), II топ – 12 075 000 теңге (3 500 АЕК), III топ – 8 625 000 теңге (2 500 АЕК).

2021 жылы малдың қатысуымен 109 ЖКО тіркелді. Нәтижесінде 139 адам жарақат алып, тағы 30 адам қаза тапты. Қаза тапқандар саны 2020 жылмен салыстырғанда 46% - ға өсті.

2022 жылда небәрі тоғыз айдың ішінде жануарлармен соқтығысу салдарынан болған жазатайым оқиғалардың саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсті. Яғни, 26 жүргізуші мен жолаушы қайтыс болып, 135 адам жараланған. 



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!