$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Егер Аяз Ата бар болса, онда ол "Евразияда" жұмыс істейді: Жаңа жылға 12,4 млрд теңгеге төлем жасалды

06.01.2023
"Евразия" сақтандыру компаниясы "Қарызсыз Жаңа жыл" дәстүрлі мерекелік акциясы аясында желтоқсан айында барлық өтініш білдіргендерге 12,4 млрд теңгеден астам төлем жасап, бір ай ішінде сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша тарихи рекорд орнатты.

Отбасылық мерекеге ештеңе кедергі болмас үшін 7-30 желтоқсан аралығында өтінім қалдырған клиенттерге науқан шарттары бойынша "Евразия" сақтандыру төлемдерін Жаңа жыл басталғанға дейін жүзеге асырды.

Желтоқсан айында міндетті автосақтандыру бойынша 1,9 млрд теңгеге жуық сомаға жеделдетілген сақтандыру төлемдерін ЖКО-дан зардап шеккен 3,3 мыңнан астам көлік иелері алды. Жыл басынан бері "Евразия" міндетті автосақтандыру шарттары бойынша 16,3 млрд теңге төледі.

"Жақсы дәстүрлер – кез келген елдің және әрбір жеке отбасының өмірінің маңызды құрамдас бөлігі. Бес жылдан бері "Евразия" өзінің клиенттері үшін жаңа жылды қарсы алу барынша жайлы әрі жағымды өтуіне барлық жағдайды жасап келеді. Биыл біз төлемдердің саны мен жалпы сомасы бойынша кезекті рекорд орнаттық, бұл акцияның өзектілігін көрсетеді",- деп түсіндірді "Евразия" СК атқарушы директоры Нұрмұхамед Төлбаев. 
"Евразия" СК Қазақстанның сақтандыру нарығында көпжылдық көшбасшы болып қала береді, 2022 жылдың соңында компания активтерінің көлемі  434 млрд теңгеден асты, бұл жалпы сақтандыру нарығында 37,7% құрайды. Компания мамандандырылған сайтты www.eurasia36.kz іске қосқаннан кейін автосақтандыру нарығында өз белсенділігін арттырды, мұнда кез-келген адам онлайн режимінде міндетті немесе ерікті сақтандыру полисін тез және оңай рәсімдей алады.

2022 жылы "Евразия" СК сақтандырудың барлық түрлері бойынша 54,5 млрд теңге сомасына сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды, бұл –  компания үшін ғана емес, сақтандыру нарығындағы тарихи рекорд.


Егер Аяз Ата бар болса, онда ол "Евразияда" жұмыс істейді: Жаңа жылға 12,4 млрд теңгеге төлем жасалды - Stan.kz, 06.01.2022


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!