$APPLICATION
Жаңа жыл - бұл тек отбасылық мереке, сыйлықтар сатып алу, туыстармен және достармен кездесу ғана емес, сақтандырушылар мен олардың клиенттері үшін де қызу науқан.
Біз келе жатқан жаңа жылда өзімізге және бір-бірімізге тек жақсылық тілейміз, алайда өмірдің өз ирелеңдері бар. Жаңа жылды тойлау мерекелік қарбалас пен қолайсыз ауа райына орай, жағымсыз жағдайлармен қатар келуі мүмкін: жол-көлік оқиғасы, сумен жабдықтау құбырының жарылуы, күтпеген шығындар, кездейсоқ жарақат алу - бізді көптеген тосынсыйлар күтуі мүмкін.
«Евразия» сақтандыру компаниясы өз клиенттеріне мерекенің ең жақсы сәттерін сақтап қалуға, ал «Қарызсыз - Жаңа жыл» акциясының арқасында барлық жағымсыз сәттерді өткен жылда қалдыруға көмектеседі.
Желтоқсанның 7-30 аралығында жүгінген клиенттерге отбасылық мерекеге қандай да бір алаңдаушылықтар кедергі келтірмеуі үшін «Евразия» барлық сақтандыру төлемдерін Жаңа жыл басталғанға дейін жүзеге асырады. Төлемді алу үшін компанияның кеңсесіне құжаттар пакетімен немесе ServiceCenter@theeurasia.kz - on-line сервистік қызметке жүгіну жеткілікті, барлық құжаттар жеделдетілген режимде қарастырылатын болады.
«Евразия» клиенттерінің арасында 1,5 млн қазақстандықтар, сондай-ақ ондаған мың отандық және шетелдік компаниялар бар, бұл ретте барлық өтініштердің 95% - дан астамы ЖКО бойынша төлем алуға байланысты, - деп атап өтті, «Евразия» СК атқарушы директоры Нұрмұхамед Төлбаев. - Сақтандыру жағдайларының негізгі бөлігі желтоқсан айында болса да, менің әріптестерім сақтандыру төлемдерін бірнеше күн ішінде клиенттерге жеткізу үшін бәрін жасайды. Отбасы - әрқайсымыздың өміріміздегі ең басты нәрсе, Жаңа жылды қарсы алуға ештеңе кедергі болмауы керек және біз оған көмектесеміз».
Көптеген жылдар бойына «Евразия» қазақстандық сақтандыру нарығында көшбасшылық орнын сақтап келеді, оның активтері жалпы сақтандыру бойынша компаниялар арасында 430 млрд теңгеден немесе 38% - дан асады. Міндетті автосақтандыру бойынша компания сыйлықақылардың әрбір үшінші теңгесін жинайды, бұл ең танымал сақтандырудың www.eurasia36.kz онлайн-ресурсының арқасында мүмкін болып отыр.
Желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша «Евразия» СК 42,1 млрд теңгеге сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды, оның 14,5 млрд-қа жуығы міндетті автосақтандыруға тиесілі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша төлемдердің жалпы көлемі кезекті рекордты орнатады – 50 млрд теңгеден асады деп күтілуде.
Акция шарттары туралы толық ақпаратты «Евразия» Сақтандыру компаниясына 5678 қысқа нөміріне (ұялы телефоннан тегін) қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.