$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

Екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккен жолаушылар «Евразия» СК төлемдер алады

25.11.2022

2022 ж. 25 қарашасы, Алматы қ. – Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен жолаушылар «Евразия» сақтандыру компаниясынан төлем алады. Екі автобус та «Евразияда» тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында сақтандырылған.

Естеріңізге салып өтсек, 25 қараша күні таңертең Қарағандыда ДСК көпірінде сағат 9:16 шамасында №41 және №146 маршруттары бойынша жүретін екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. Соқтығысу кезінде бір автобуста жолаушылар болған. ЖКО салдарынан №41 автобустың жүргізушісі қайтыс болған. Қазіргі уақытта 18 жолаушы медициналық мекемелерге жатқызылды - төртеуі ауыр жағдайда, олардың екеуінің жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалайды.

Жолаушы қайтыс болған жағдайда 15,3 млн теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі көзделеді. Мүгедектік алған кезде: I топ - 15,3 млн теңге, II топ – 10,7 млн теңге, III топ-7,6 млн теңге.

Барлық зардап шеккендер 612 мың теңгеге дейін амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын ала алады. Өмірі мен денсаулығына келтірілген залалдың мөлшері тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде айқындалады.

Қайтыс болған жүргізушінің отбасы, егер ол қызметтік міндеттерін атқару жағдайында болған болса, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ҚЖОМС) аясында өмірді сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемдерін алуға үміт арта алады.

Зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелері сақтандыру төлемдерін алу бойынша кеңес алу үшін +7-701-053-26-88 сенім телефонына (ұялы телефоннан тегін) немесе ServiceCenter@theeurasia.kz электрондық мекенжайына хабарласа алады

 

«Евразия» СК қайтыс болған жүргізушінің отбасына қайғыра көңіл айтады және барлық ЖКО салдарынан зардап шегушілердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдіреді.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!