$APPLICATION
Соңғы күндері Қазақстандағы барлық адамдар отқа оранған ормандар мен ауылдардың әсерлі кадрлардың арқасында өрттің қаупі мен олармен күресу шарты туралы сөз ете бастады. Сонымен қатар, алматылықтарға қала ортасындағы Көктөбе тауында боған өрт те әсер қоса түсті.
Өрт – мүлікті сақтандыру кезіндегі негізгі классикалық тәуекел. Сақтандыру төлемдеріне жетекшілік ететін, «Евразия» сақтандыру компаниясының басқарма мүшесі Нурмухамед Тульбаев өрт пен олардың салдарымен күресудің халықаралық тәжірибесі туралы әңгімелейді.
Ыстық ыстықты тудырады
«Евразия» галамдық сақтандырушы ретінде мүлікке келтірілген, оның ішінде бүкіл әлем бойынша өрттен келтірілген залалды қайта сақтандырады, және, өкінішке орай, осындай табиғи құбылыстардың жиілігі мен залал мөлшері жылдан жылға өсіп келе жатқанын атап өтеді.
Swiss Re бағалауы бойынша, 2021 жылы апатты оқиғалардың нәтижесінде орын алған экономикалық залал 270 млрд долларды құрады, бұл ретте олардың үлкен бөлігі дәл сол өрттерге тура келеді. Сақтандырылған салалдар 111 млрд долларды құрады, бұл келтірілген зиянның жалпы мөлшерінің жартысын да құрамайды.
Галамдық температураның көтерілуін зерттеу жөніндегі соңғы деректер ауа ағындарының (Jet Streams) ауа-райына айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. Бұл дегеніміз, егер Еуропада өте ыстық ауа-райы тіркелген болса, онда бұл Қазақстанға да әсер етуі ықтимал.
Осы жазда Ұлыбританияда, АҚШ-та, Испанияда, Францияда және Қытайда температура рекордтары жаңартылды. Климатологтардың пікірі бойынша, ауа массаларының ауа-райына әсері ғаламдық шығындардың негізгі факторы болып табылады.
Климаттың өзгеруі енді абстрактылы теория болып табылмайды. Сақтандырушылар бұл фактордың шынайы екенін өз қалталарында сезінді.
Әлем жиі өртенуде
Шілде айында Францияда алты мың адам эвакуацияланды, өртте 14 мың гектар орман жойылды. Калифорнияда 21 мың гектар орман 300 ғимарат өртеніп кетті. Жер шарының түкпір-түкпірінен осындай жаңалықтарды сақтандырушылар жаз маусымында күн сайын оқып, содан кейін залалдарды есептеді.
Әлем өрттер мен олардың таралуын NASА-ның көмегімен бақылап отырады, NASА 1997 жылдан бастап ғарышқа спутниктер топтамасын шығара бастады және олар жинаған деректерге ашық қолжетімділікті ұсынды.
Дәл қазір спутниктердің көмегімен 26 мыңнан астам өрт тіркелді, алайда, 20 жылдың ішіндегі орташаланған деректер бойынша, осы күні өрт ошақтары алты мыңға аз болды. Және мұндай жағдай – биылғы жылдың әрбір күнінде дерлік.
Тамыз және қыркүйек – бүкіл әлемде өрт орын алатын негізгі уақыт. Аустралия желтоқсан мен қаңтар айында жанады. Қазіргі таңда табиғи зілзаланың негізгі соққысы Африканың оңтүстік бөлігіне, Амазонка бассейніне және Сібірге сәйкес келеді.
NASA спутниктерімен ұсынылатын статистика кез-келген елдің ресми мемлекеттік статистикасынан ерекшеленеді. Ғарыштан көбірек нәрсе көрінеді, ал техника да бейтарап. Шынымен де, кей кезде бұл техногендік көздер де болуы мүмкін - кен орындарындағы газ алаулары немесе жанартаулардың атқылауы.
Қазақстан үнемі жанады, бірақ байқалмайды
Біздің еліміз өте үлкен, және тұрақты және жыл бойы жанады. Бұл туралы көпшілік жалық біле бермейді, себебі от орманда немесе далада – смартфондардан бірнеше километр алыс қашықтықта орын алады.
Ормандар елдің солтүстігі мен шығысын алып жатыр, бірақ дала да кем жанбайды, әсіресе жаз мезгілінде. Өрт сөндірушілер мен ТЖМ-де жедел мезгіл наурыз айында басталып, сәуір айында шыңына жетеді, сол кезде күніне бес жүзге дейін тұтану тіркеледі. Маусым айы салыстырмалы түрде тыныш, шілдеден бастап қыркүйек-қазан айларында шыңына жетіп, қураған ағаштар жанады.
Биылғы жылы өрттердің шыңы 3 қыркүйекте болды, бұған Қостанайдан таратылған кадрлар да дәлел бола алады. Спутниктер 542 өртті тіркеді, бұл соңғы жылдардағы орташаланған көрсеткіштерден екі есе көп. Биыл қыркүйек айы өте ыстық болды, ең жаманы, өрт елді мекендерге дейін жетті. Бұл ретте, біздің ақпаратымыз бойынша, бірде-бір үй иелігі сақтандырылмаған.
Айта кететін жайт, 7 қыркүйекте өрт бойынша көшбасшылық Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында болды, онда бір уақытта екі жүзден астам өрт ошақтары тіркелді - бұл басқа аймақтарға қарағанда он есе көп. Сондай-ақ қалыпты орташа жылдық мәндерден қалыптан тыс жоғары.
Қазақстан мен әлем өрттен қалай сақтандырылады
Қазақстан халқы сақтандыруға негізінен екінші және өте қажет емес нәрсе ретінде қарайды. Ғимараттардағы барлық өрттердің 90% - дан астамы тұрғын аудандарда орын алады, және олар сақтандырылмаған болуы мүмкін.
Азаматтар іс жүзінде өз мүлкін апатты тәуекелдерден өз еркімен сақтандырмайды. Бірақ бизнес, керісінше, әр жыл сайын белсендірек болып келе жатыр, дегенмен, негізінен әлі де ірі бизнес. Осы жылдың жеті айында ғана сақтандырушылар мүлікті сақтандыру бойынша 120 млрд теңгеге жуық сыйлықақы жинады немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңінен 14% - ға артық.
Қазақстанда өрттің салдарын халыққа кей кезде мемлекет өтейді, бірақ бұл, солай атуға болатын болса, өз азаматтарына көрсетілген ерікті көмек. Егер өрттен жеке үй немесе пәтер зардап шегетін болса, меншік иелеріне мемлекеттің көмегіне сенудің қажеті жоқ. Әлемдегі жағдай қалай?
Дамыған елдерде сақтандырудың ерікті моделі кең таралған. Әрбір үй иесі өз мүлкіне өзі жауап береді және сақтандыруды сатып алуды немесе сатып алмауды шешеді. Бұл ретте АҚШ-та әрбір үй іс жүзінде сақтандырылған, оның ішінде несиеге сатып алынғандықтан. Сіз аз несие мөлшерлемесін алғың келсе — онда сақтандыруды сатып ал.
Бірақ балама тәсілдер де бар - мысалы, Мексикада, Денсаулық сақтау Хатшылығы (министрліктің аналогы) жанында Мексиканың әлеуметтік қамсыздандыру институты (IMSS) құрылды. Бұл ұйым денсаулық сақтау, зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру, соның ішінде азаматтардың мүлкін апаттардан: жер сілкіністерінен, дауылдардан, өрттерден және басқалардан сақтандырумен айналысады. IMSS мексикалықтардың мүлкін сақтандырумен айналысады, содан кейін ол бүкіл әлемдегі компанияларда, соның ішінде «Евразияда» қайта сақтандырылады. Бірақ мұндай жүйе, керісінше, ерекшелік болып табылады.
Бүкіл әлемдегі өрт статистикасы жыл сайын жағдайдың нашарлайтынын көрсетеді. Тәуекелдер барлығы үшін - АҚШ-та да, Қазақстанда да өсуде. Қазақстан үкіметі үйі өртенген адамдарға көмектеседі және көмектесетін болады, бірақ мемлекетке және одан бұрын «құдай сақтасынға» әрдайым және барлық жағынан сенім артуға болмайтынын түсінетін уақыт келді. Қазақстанның әрбір азаматы өз әл ауқаты үшін жауап береді және тәуекелдерді өз бетінше бағалауы және басқара білуі тиіс.
Горит ясно и не гаснет: ситуация с пожарами ухудшается не только в Казахстане - Forbes, 08.09.2022
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.