$APPLICATION
Құрметті клиенттер!
Сіздерге интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткені туралы хабарлаймыз.
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша 2022 жылдың мамыр айында Қазақстанда интернет-алаяқтық саны 2022 жылдың қаңтарымен (1179 қылмыстық құқық бұзушылық) салыстырғанда 8 есеге (8240 қылмыстық құқық бұзушылық) өскен. Желіде, атап айтқанда әлеуметтік желілерде алаяқтық схемалар неғұрлым кеңінен таралған, онда қаскүнемдер азаматтардың банктік шоттарынан қаражатты есептен шығару және жалған кредиттерді ресімдеу үшін азаматтардың дербес және төлем деректерін түрлі сылтаулармен алуға тырысады. Сонымен қатар әртүрлі инвестициялық онлайн-жобалар түріндегі қаржы пирамидалары және өздерін құқық қорғау органдарының, банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары (вишинг) белсенді әрекет етіп отыр. Бұл ретте вишинг-алаяқтар нөмірлерді ауыстырудың арнайы сервистерін пайдаланады және көбінесе жақын және алыс шетелдерде орналасады.
Сақ болыңыздар!
Ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қорғау үшін алаяқтықтың алдын-алу бойынша қарапайым нұсқауларды орындаңыздар.
- Интернет-ресурстардың күмәнді сілтемелері бойынша кірмеңіз
- Бейтаныс адамдарға SMS-код, 3D Secure немесе қосымшалардың құпия сөзін хабарламаңыз
- Банктердің, Сақтандыру компанияларының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына ғана сеніңіз
- Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша бөгде бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз
- fingramota.kz сайтындағы «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінде https://fingramota.kz/ru/rubric/caution-scammers оқыту медиа порталымен толығырақ танысыңыздар.
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.