$APPLICATION
Құрметті клиенттер!
Біз бұрын мәлімдегендей, «Евразия» СК жалпы ұлттық карантин кезінде кеңседегі қызметкерлердің санын азайтты, бұл ретте жұмыс режимі бұрынғы қалпында қалды. Осымен байланысты сақтандыру төлемін қолма-қол ақшасыз тәсілмен алу үшін КҚИ АҚЖМС бойынша төлемге құжаттарды (өз шотыңыздың деректемелерімен бірге) онлайн-ресурстар арқылы беруді ұсынамыз, бұл ретте клиенттің сақтандыру компаниясының кеңсесіне тікелей келуі міндетті болып табылмайды және оқиға туралы барлық құжаттарды қашықтықтан ресімдеуге және сақтандырушыға қашықтықтан беруге болады. Шығындарды реттеу барысында туындаулары мүмкін барлық консультациялық мәселелер қашықтықтан шешілетін болады. Мұның бәрі клиенттеріміздің қолайлығы мен қауіпсіздігі үшін жасалады.
Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту салдарымен қоса (алдымен ескерту түрінде, содан кейін 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде), сондай-ақ 15 тәулікке дейін қамауға алуға дейін сіздің карантинді ықтимал бұзу тәуекеліңіз төмендейді.
Біз туындаған қиындықтармен ешкімді жалғыз қалдырмаймыз деп сендіргіміз келеді. Керісінше, біз өз мүмкіндіктеріміз бен күшімізді клиенттерге көмек көрсетуге бағыттап, жинақтадық. Осы себепті де наурыз айында КҚИ АҚЖМС бойынша 2140 адам рекордтық 712 млн теңгеден астам сомаға төлемдер алды, осы айда сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы 4,2 млрд. теңгеден асты. «Евразия» СК-ның техникалық мүмкіндіктері ай сайын 4000-нан 5000 адамға дейін КҚИ АҚЖМС бойынша онлайн сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Барлық сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері бойынша онлайн-консультациялар мен кері байланыс мәселелері бойынша өтінішті, орын алған оқиғаның жағдайларын, өз сұрағыңызды, өзіңіздің байланыс деректеріңізді (ТАӘ, телефон, мемл.нөмір және e-mail) жаза отырып, ServiceCenter@theeurasia.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарласа аласыздар, біздің білікті маман сізбен ең қысқа мерзімде хабарласады!
Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.