$APPLICATION Жаңалықтар
Хотите у нас работать?

Жаңалықтар

«Евразия» СК Қостанай филиалының директоры су тасқынынан кейінгі шығындарды реттегені үшін мемлекеттік наградамен марапатталды

07.03.2025

«Евразия» сақтандыру компаниясы Қостанай филиалының директоры Әсел Жомартова өткен жылы ауқымды су тасқыны кезінде зардап шеккендерді сақтандыру жағдайларын реттеудегі кәсіпқойлығы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстан Президенті атынан мемлекеттік марапатты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен салтанатты рәсімде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова табыс етті.

Су тасқыны нәтижесінде «Евразия» СК жүзеге асырған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы 121,8 млн теңгені құрады.

Реттеуші төрағасы барлық әйел қауымын келе жатқан мерекемен құттықтап, жоғары мемлекеттік марапаттар - ел басшылығы тарапынан қаржы секторы қызметкерлерінің айрықша еңбегі мен кәсіпқойлығын мойындау екенін атап өтті.

Сондай-ақ, «Еуразиялық банк» басқармасының төрайымы Ләззат Сатиева еліміздің қаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Наградалармен қаржы секторының - банк, сақтандыру және брокерлік ұйымдардың қызметкерлері марапатталды. Мәдина Әбілқасымова қаржы нарығын дамытудағы әйелдердің маңызды рөлін атап өтті және болашақта кәсіби табыстар тіледі.

Бүгінгі таңда әйелдер қаржы нарығындағы мамандардың жалпы санының 57% -ын құрайды және жетекші банктерді, сақтандыру ұйымдары мен бағалы қағаздар нарығы компанияларын табысты басқарып отыр.



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!