Жаңалықтар

Неліктен сақтандырушылар бизнесті автоматтандыруда банкирлерден артта қалды?

22.07.2026

IT-инфрақұрылымның немесе сақтандыру секторының дамуы – қайсысы бірінші кезекте?

Қазақстандық банктер бизнес-процестерді цифрландыру саласында экономиканың барлық басқа салалары үшін сөзсіз үлгі болып табылады. Оны үстіне, басқа елдердің банктері де осыған ұқсас бағыттарды жүзеге асыруға тырысуда, алайда олардың артта қалуы әзірге тым үлкен. Қазақстандық банкингтің қаржылық технологиялар саласындағы деңгейі әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес келетініне ешқандай күмән жоқ.

Нақты үлгіге ие бола отырып, ал көптеген жағдайларда банктермен бірыңғай қаржылық экожүйенің бір бөлігі бола тұра, сақтандыру компаниялары бизнесті автоматтандыру деңгейі бойынша кем дегенде жақын, ал мүмкін болса бірдей деңгейге ие болуы тиіс еді.

IT-компоненттерді дамыту бөлігінде сақтандырушылар банкирлерден артта қалды. Неліктен сақтандыру секторы қазіргі жағдайға тап болды және жаңа технологиялардың артықшылықтарын сақтандыру компаниялары да, олардың клиенттері де толық пайдалана алуы үшін алдағы уақытта қандай бағыттар бойынша жұмыс істеу қажет?

Иншуртех бар, ал технология жоқ

Банктік финтехке ұқсастық бойынша цифрлық технологиялар саласы үшін тіпті жеке термин – иншуртех (Insurance Technology) деген ұғым да пайда болды. Дамыған елдерде бұл классикалық сақтандыруды дамытудың жаңа әрі келешекті бағыты болып табылады: дәстүрлі агенттік сату мен қолмен жүргізілетін андеррайтингтен онлайн-сатылымдарға және автоматты скорингке көшу. Қазақстанда, өкінішке қарай, нағыз иншуртех әзірге сәнді имидждік «ерекшелік» ретінде ғана қалып отыр.

Мұндай жағдайдың себебі неде? Жауап айқын: банктік өнімдерден айырмашылығы, сақтандыру халық арасында әлі де жаппай сұранысқа ие өнімге айналған жоқ, тек міндетті автосақтандыруды қоспағанда. Яғни, клиенттердің басым көпшілігіне сақтандыру полисін жаңарту және автокөлігін басқару мүмкіндігін сақтау қажет болған жағдайда ғана жылына бір реттен артық қажет болмайды. Заңнамалық талаптар арқылы сұраныс сақталғанына қарамастан, қазіргі уақытта міндетті автосақтандыру айтарлықтай шығынды болып отыр.

Сақтандырудың маңызын арттыру оны адамдардың күнделікті өміріне енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта реттеуші орган дәл осы бағытта жұмыс істеуде, бұл үшін халықаралық сарапшылар, сақтандыру нарығына қатысушылар және салалық қауымдастықтар тартылды. Олар басқа елдердің табысты тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстанның сақтандыру нарығының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, саланы дамыту бағдарламасын әзірлеуде.

Банкирлердің сақтандырушылардан айырмашылығы – олардың жеке тұлғалар арасында да, ШОБ сегментінде де тұрақты әрі ауқымды клиенттік ағыны бар, ал бұл клиенттерге күнделікті негізде іс жүзінде алуан түрлі қызметтер қажет. Сақтандыру компанияларының қызметтеріне мұндай салыстырмалы сұраныс жоқ, тиісінше, ауқымды автоматтандыру қажеттілігі де іс жүзінде туындамайды. Оның үстіне мұндай автоматтандыру, айта кету керек, өте қымбатқа түседі.

Әзірге баяу, бірақ дұрыс

Әділдік үшін айта кету керек, сақтандыру мәдениетін дамытудың барлық күрделіліктері мен қиындықтарына қарамастан, реттеуші орган мен нарық қатысушылары әзірге баяу болса да, біртіндеп дұрыс бағытта алға жылжып келеді.

2019 жылы Мемлекеттік кредиттік бюро (МКБ) базасында Бірыңғай сақтандыру деректер қоры (БСДҚ) құрылды, сондай-ақ міндетті автосақтандыру барлық басқа міндетті сақтандыру түрлері сияқты онлайн-форматқа көшті. Нарық қағаз полистерден бас тарта бастады, өйткені олар, айта кету керек, жиі қолдан жасалатын. 2023 жылдан бастап бұл класс толығымен «цифрлық форматқа» көшіп, сақтандыру агенттерінің қызметтерінен бас тартты, яғни онлайн-нысан индустриялық стандартқа айналды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта БСДҚ-ны жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл реттеуші органның сақтандыру саласының алдына қойған ең басым IT-міндеттерінің бірі болып табылады. Аталған жұмыс нарық қатысушыларына шығындылық туралы деректерді жедел алуға және болып жатқан өзгерістерге уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Жетілдіру шаралары тәуекелдерді неғұрлым дәл бағалауға және тарифтерді есептеуге ықпал етеді, бұл эталондық деректер қорына негізделген тиімді даму стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. «Евразия» СК басқа да сақтандыру компанияларымен бірге БСДҚ-ны одан әрі дамыту жұмыстарына қатысуға дайын.

2024 жылы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (СТКҚ) базасында салыстырмалы түрде шығын деңгейі төмен жол-көлік оқиғалары бойынша сақтандыру төлемдерін жедел реттеуге арналған еурохаттама іске қосылды. СТКҚ акционерлері тікелей сақтандыру компаниялары болып табылады.

Сонымен қатар, нарықты цифрландыру жолындағы елеулі қадамдардың бірі – 2020 жылы қолданыстағы ковидтік шектеулерге байланысты сақтандыру компанияларына ашылған Мемлекеттік жеке тұлғалар деректер қорына (МЖТДҚ) қолжетімділік болды. Айта кету керек, бұл бағытта сақтандырушылар банктердің ізін жалғастырды. Толық локдаун мен қозғалыс шектеулеріне қарамастан, бизнес тоқтап тұра алмады, сондықтан бұған дейін кабинеттерде қағаз түрінде ресімделген көптеген бизнес-процестер жедел түрде цифрландырылды.

Капот астындағы ЖИ

Сақтандыру саласында жасанды интеллектіні қолдану – әзірге жаппай нарыққа арналған нақты жұмыс істейтін шешімдерге айналмаған кезекті сәнді үрдіс. Қазіргі кезеңде бұл өте көп капиталды қажет ететін технология болып табылады.

Бұл ретте сақтандырушылар нейрондық желілер ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланбайды деп айтуға болмайды. Соңғы клиенттер бұл процестерді байқамайды және кейбір операцияларды роботтар мен алгоритмдер орындайтынын тіпті білмеуі де мүмкін. Қазіргі кезеңде ЖИ- модельдеріне арнайы дағдыларды қажет етпейтін күнделікті, қайталанатын міндеттерді тапсыруға болады. «Евразия» СК-да олар қағаз құжаттарды өңдеп, ондағы деректерді электрондық базаларға енгізеді, сондай-ақ тұлғаларды айырып тану технологияларын қолданып, оларды эталондық деректер қорларымен салыстыру арқылы верификациялайды және басқа да жұмыстарды орындайды. Бұл, мысалы, залалды бағалау процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін нақты әрі жұмыс істеп тұрған шешімдер. Әзірге бұл процестің ажырамас бөлігі болып адам факторы қалып отыр, ал автоматтандыру деңгейін барынша арттыруға тек жоғары деңгейдегі модельдерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, мұндай модельдердің негізінде жатқан компьютерлік көру технологиясы әзірге ішкі зақымдарды анықтай алмайды, ал тәжірибелі маман залал көлемін бағалау кезінде іс жүзінде бірден ауыстыруды қажет ететін ішкі бөлшектер туралы да түсінікті қалыптастыра алады. Алгоритмдер көмектеседі, алайда олар әзірге тек шағын зақымдарды ғана сенімді түрде бағалай алады. Бұл тек уақыт мәселесі: халық тарапынан сақтандыру қызметтеріне сұраныс артып, нарыққа қатысушылардың экономикалық уәждемесі пайда болысымен, біз барлығымыз ЖИ негізінде тиімді шешімдердің көптеген релиздерін көреміз.

Біз иншуртехке арналған ЖИ- модельдерін жеткізушілердің, соның ішінде шетелдік компаниялардың ұсыныстарын тұрақты түрде қарастырып отырамыз. Алайда оларды орнату, қызмет көрсету және қолдау көрсету құны әзірге адам еңбегінің құнымен салыстыруға келмейді. Адамдар әлі де шығын мен сапа арақатынасы бойынша әлдеқайда тиімді болып отыр. ЖИ- шешімдері әзірге әмбебап шешімге айналған жоқ және күрделі процестерде бизнесті жүргізу шығындарын әлі де төмендеткен жоқ. Барлық технологиялық шешімдер негізінен бизнесті жеделдету, шығындарды азайту, уақытша және қаржылық міндеттерді шешуге арналған. Көптеген клиенттерге сақтандыру қызметтерін көрсету үшін әкімшілік шығыстарды төмендету кезінде жаппай автоматтандыру өзекті болады.

Цифрлық келешек

Жоғары технологиялар отандық сақтандыру саласына міндетті түрде келеді – бұл тек уақыт мәселесі, әрі мәселе тек бағдарламалық әзірлемелер құнының арзандауында емес. Вендорлар арасындағы бәсекелестік те күшейе түседі, алдағы үш-бес жыл ішінде біз ауқымды деректерді талдау негізінде жаттықтырылған көптеген жұмыс істейтін шешімдерді көреміз.

Нарық автоматтандыру есебінен сервистің сапасын жақсартуға бағытталған қаражатты бөле алады. Ең алдымен клиенттер үшін аса маңызды бағыт – сақтандыру жағдайларын реттеу және залалды бағалау үдерістері жетілдіріледі. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру процесінің өзі электрондық құжат айналымын қолдану арқылы автоматтандырылған: жеке тұлғалар сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны және қажетті құжаттарды қашықтан ұсына алады, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін ала алады. Тарифтеу әдіснамасындағы өзгерістер перспективалары скорингтік модельдер мен андеррайтингті біріктіру мүмкіндігін ашады. Бұл клиенттерге бірегей тәуекел бейінін ескере отырып, тек жеке тарифтерді ұсынуға ғана емес, сонымен қатар олар үшін дербестендірілген сақтандыру шешімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сақтандыру саласын дамыту стратегиясы жаңа міндетті сақтандыру кластарын, оның ішінде міндетті тұрғын үйді сақтандыру сияқты жаппай сұранысқа ие өнімдерді енгізуді көздейді. Шын мәнінде жаппай қолданылатын сақтандыру өнімдерін енгізу ғана сақтандыру мәдениетінің дамуына ықпал етіп, сонымен қатар цифрландыру деңгейін арттырады, бұл өз кезегінде қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасын, сондай-ақ тиімділікті жоғарылатады. Халыққа сақтандыру компанияларына жүгінуге болатын көбірек сақтандыру өнімдері мен жаңа құралдарды ұсыну қажет.

Авторы: Кайрат Чегебаев, CFA
«Евразия» СК Басқарма Төрағасы

Forbes.kz - 22.07.2026 - 
Почему страховщики отстали от банкиров в автоматизации бизнеса?



Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!