Хотите у нас работать?

Шетелде сапалы демалысты жоспарлау кезінде әркім бәрінің "жоспар" бойынша өткенін қалайды. Алайда, ықтимал күтпеген жағдайлар көптен күткен демалыста күмән тудыруы немесе демалысты бұзуы мүмкін. Көптеген саяхатшылар, шетелде болу тәжірибесіне ие бола отырып, қазіргі уақытта сақтандыру полисін сатып алуды саналы түрде ойланады және оны жақғымсыз қосыша "салмақ" ретінде есептемейді.

Бүгінгі таңда сақтандыру полисінің болуы бірқатар елдерге шығуға визаны алу кезінде міндетті шарт болып табылады, мысалы, Шенген келісімінің елдеріне. Тіптен, егер сіз виза алмай кіретін елге баратын болсаңыз немесе ТМД елдері бойынша саяхаттайтын болсаңыз, шетелге шығатын азаматтардың сақтандыру полисі Сізге өзіңізді сенімді сезінуге көмектеседі. Әуесқой саяхатшылар үшін, сондай-ақ іскер адамдар үшін біз сіздің сапарыңыздың мерзіміне және сақтандыру аумағына байланысты кешенді бағдарламаны әзірлей аламыз .

Сақтандыру объектісі сақтандыру шартында көрсетілген аумақта шетелде болуы кезінде туындаған, сақтандыру шартында көрсетілген сақтандырылушының медициналық көмек алу шығындарымен және басқа қосымша шығындармен байланысты және сақтандыру тәуекелдерімен шартталған сақтандырылушының мүліктік мүдделері болып табылады.

- Стандартты тәуекелдер

Сақтандыру тәуекелі сақтандырылушының шетелде болу уақытына жасалған сақтандыру шартына сәйкес оның кездейсоқ ауыру немесе жазатайым жағдай және басқа қосымша шығындар жағдайында медициналық көмек көрсетуге сақтандырылушының шығындарымен байланысты болжалды оқиға болып табылады.

Сақтандыру өтелімі:

Сақтандыру сомасы:

Өтелім лимиті сақтандырылушының
болу еліне байланысты болады.

Сақтандыру тарифі:

Сақтандыру полисінің құны сақтандырылушының
болу еліне және кезеңіне тәуелді болады.


Полисті ресімдеуге арналған құжаттардың тізімі: төлқұжат.


Қосымша ақпарат:

Сақтандыру арқылы қорғау қалай қолданылады?

Дүние жүзі бойынша біздің клиенттерге қызмет көрсетуді біздің серіктесіміз - International Assistance Group (IAG) құрамына кіретін Global Voyager Assistance (GVA) сервис компаниясы жүзеге асырады. GVA компаниясы біздің клиенттерге жеңіл терумен жеке бөлінген телефон желісін береді және орыс тілінде сөйлейтін оператормен байланысуды қамтамасыз етеді. Клиентке Түркияда, Египетте, Швейцарияда, Кипрде,Грецияда, Германияда, Финляндияда, Австрияда, Испанияда, Болгарияда, Италияда, Францияда және Таиландта қосымша бөлінген телефон желілері беріледі. Шұғыл жағдай туындаған кезде Сізге полисте көрсетілген телефон бойынша GVA компаниясына қоңырау шалу керек, және операторлар барлық қажетті медициналық немесе басқалай көмекті ұйымдастырады.

Әлемнің кез келген елінде, кез келген бағытта біз Сізге қамқорлық көрсетеміз және әрдайым қиын сәттерде көмек көрсетуге дайынбыз.

Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар жөнінде менеджермен байланыса аласыз:

Байланысқа арналған телефондар:
5678 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегiн)
8 800 080 0099 (Қазақстан бойынша тегін желі)

Бізбен байланысыңыз


Æ
Страховой случай?

Произошел страховой случай и Вы столкнулись с проблемой. Не беспокойтесь, если у Вас страховой полис АО «СК «Евразия». Мы сочувствуем Вам и готовы оказать помощь и поддержку. В связи с введенным карантином в городах Алматы и Нур-Султан, по всем вопросам онлайн консультации и обратной связи по страховым случаям и страховым выплатам Вы можете обратиться по электронному адресу ServiceCenter@theeurasia.kz, написав обращение, обстоятельства произошедшего события, ваш вопрос и отправив свои контактные данные (ФИО, телефон и email), и наш компетентный специалист свяжется с Вами.

Для этого необходимо:
Î
Заказать звонок
Ваша заявка успешно отправлена!