Жазатайым жағдайлардан сақтандырудың міндеті сақтандырылған тұлғалардың кірісін жоғалтудың орнын толтыру және орын алған жазатайым жағдайдың салдарынан өмір деңгейін төмендетуге қарсы әрекет ету болып табылады.
Сақтандыру объектісі сақтандырылушының өмірі мен денсаулығын сақтаумен байланысты және сақтандыру тәуекелімен шартталған сақтандырылушының мүліктік мүддесі болып табылады.
I, II немесе III топ мүгедектігін берумен еңбекке жарамдылығынан тұрақты айырылу ;
Жазатайым жағдайдың нәтижесінде сақтандырылушының қайтыс болуы.
Сақтандыру сомасы және тариф тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Сақтандыру жағдайына байланысты келесі мөлшерлерде жүзеге асырылады:
Жазатайым жағдай ретінде денсаулыққа залал келтіруді, жарақат алуды немесе өлім жағдайын болдырған, сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсердің нәтижесінде адамның еркінен тыс болған кездейсоқ қысқа уақыттық оқиға (уақиға) түсініледі.
Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар жөнінде менеджермен байланыса аласыз:
Сақтандыру жағдайы орын алды және Сіз қиындықтарға тап болдыңыз. Егер Сізде "Евразия" СК" АҚ сақтандыру полисі бар болса, алаңдамаңыз. Біз Сізге тілектеспіз және көмек және қолдау көрсетуге дайынбыз. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілуімен байланысты сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері бойынша онлайн кеңес беру және кері байланыс мәселелері бойынша ServiceCenter@theeurasia.kz электронды мекенжайына өтініш, орын алған оқиғаның мән-жайларын, өз сұрақтарыңызды жазып және өз байланыс деректеріңізді (ТАӘ, телефон және email) жіберіп, хабарласа аласыз және біздің құзыретті маман Сізбен хабарласады.