"Евразия" сақтандыру компаниясы Қазақстандағы №1 сақтандырушы бола отырып және сақтандырудың халықаралық нарығында орасан зор жұмыс тәжірибесіне ие бола отырып, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша мүлде жаңа, бірегей және теңдесі жоқ өнімді ұсынады. Жиынтығында бір өнімде, стандартты сақтандыру өтелімінен басқа, сақтандырудың әлемдік нарығында бар, тұтынушылармен барлық талап етілетін қосымша опциялар біріктірілген. Қажетті опциялар комбинациясын клиент өз бетімен таңдай алады, яғни сақтандыру өтелімінің көлемін таңдап алады және сақтандыру құнын анықтайды. Сонымен бірге есептеу компанияның сайтында орналасқан калькулятордың көмегімен санаулы секундтар ішінде жасалады.
- Стандартты тәуекелдер
Келесі жағдайлардың нәтижесінде автомобиль көлігінің (қосымша жабдықтың) жоғалуы (жойылуы) немесе зақымдануы:
- Жол-көлік оқиғасы: көлiк құралының жолдағы жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, оның барысында басқа автомобиль көлігімен соқтығысу, жылжымалы немесе жылжымайтын заттарды (құрылыстар, кедергілер, құстар, аңдар) басып кету (соқтығысу), аударылу, суға бату, алдында келе жатқан автомобиль көлігінің дөңгелектерінің астанын ұшқан тастардың тиюі орын алған оқиға;
- Үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері : айдап әкету, қарақшылық, тонау, автомобиль көлігін ұрлау және айдап әкетумен, қарақшылықпен, тонаумен немесе адап әкету, қарақшылық, тонау, ұрлау әрекеттерімен байланысты жою немесе зақымдау ;
- Дүлей апаттар : боран, дауыл, құйын, бұршақ, найзағайдың түсуі, жер сілкінісі, таудың опырылып құлауы, көшкін, жанартаудың атылуы, құйын, тайфун, торнадо. цунами;
- Басқа күтпеген оқиғалар: өрт, жарылыс, мұздың астына түсіп кету, су құбырынан, жылыту немесе канализациялық жүйелерден зақымдану.
Бағдарлама есептелген:
КҚ ескі емес
15 жылдан
КҚ құны
4 500 000 ₸ ден 120 000 000 ₸ дейін
Негізгі өтелімнен тыс ықтимал қосымша опциялар (клиенттің таңдауы бойынша өтелім комбинациясын іріктеу):
- Амортизациялық тозуды шегермей мамандандырылған ТҚС жөндеу;
- 200 000 теңгеге дейін шығын кезінде (ЖКО) — жол полициясын шақырмай (Алматы, Астана және Қарағанды үшін және аталған қалалардан 20 км радиуста);
- ЖКО сақтандырылушының кінәсінен емес туындаған кезде франшиза қолданылмайды;
- Толық жойылу бойынша франшизаны 5% дейін төмендету;
- Жол полициясында құжаттарды жинау клиенттің атынан сақтандыру компаниясымен жүзеге асырылады (тек Алматы қаласы үшін);
- ЖКО орнына эвакуатор;
- Клиенттің КҚ ТҚС болған кезде КҚ уақытша пайдалануға беру (10 күнге дейін, тек Алматы қаласы үшін).
Клиент елеулі жеңілдіктерді ала алады (50% көп емес сомада), егер:
Тек ЖКО тәуекелін өтеу
|
ЖКО тәуекелінсіз өтеу
|
Шарттың қолданылуы 1-ші сақтандыру жағдайына дейін.
|
Жылдың қорытындысы бойынша шығындар болмаған кездегі тантьема: клиент бұрын төленген сыйлықақыдан 5% мөлшерде сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтарып ала алады немесе сақтандырудың келесі кезеңіне сақтандыру шартының мерзімін ұзартуға 10%-дық жеңілдікті ала алады. Жеңілдік сақтандыру шартын бірінші және екінші мерзімін ұзарту кезінде беріледі.
Арнайы ұсыныстар
Клиент келесі тәуекелдерді арнайы баға бойынша қосымша сақтандыру алады:
- Міндетті сақтандыру бойынша лимиттен тыс 20 000 000 теңге лимитімен көлік құралдарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі;
- 1 сақтандырылушыға 1 000 000 теңге лимитпен жүргізуші мен жолаушыларға арналған ЖКО кезіндегі жазатайым жағдайлардан сақтандыру.
Осы сайтта жарияланған сақтандырудың ерікті кластары бойынша сақтандыру тарифтері барлық және әрбір сақтандыру шартына қолданылмайды және сақтандыру шарттарының ерекшеліктері мен тәуекел дәрежесіне байланысты өзгертілуге жатады. Осы сайтта тарифтерді жариялау оферта болып табылмайды.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар жөнінде менеджермен байланыса аласыз: